ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
14.07.2026, 12:00

«Веди» қайырымдылық қорының президенті, көрнекті қоғам қайраткері Валентина Петровна Печуева Иеміздің құзырына аттанды.

«Веди» қайырымдылық қорының президенті, көрнекті қоғам қайраткері Валентина Петровна Печуева Иеміздің құзырына аттанды.

13 шілде 2026 жылғы Алматы. Көрнекті қоғам қайраткері, «Веди» қайырымдылық қорының президенті Валентина Петровна Печуева Иеміздің құзырына аттанды.

Валентина Петровна өмірінің елеулі бөлігін адамдарға көмек көрсетуге және рухани ағартушылыққа арнады. Ол ұзақ жылдар бойы «Веди» қайырымдылық қорының президенті қызметін атқарып, Қазақстан жеріндегі Православие тарихы мен тыныс-тіршілігі туралы баяндайтын осы аттас газеттің баспагері болды.

Ол Алматы облысының Чапаево кентіндегі қасиетті Серафим Сароввский құрметіне арналған храмның, Есік қаласындағы Покров храмының және Алматыдағы Иверь–Серафим әйелдер монастырындағы Мәскеулік қасиетті Матронаның құрметіне арналған храмның құрылысына қаражат жинауға белсене қатысты.

Оның кәсіби қызметі Қазақстандағы қаржылық сауаттылық пен ғылымның дамуымен тығыз байланысты болды. Валентина Петровна «Ценные бумаги» баспасын басқарды, Бухгалтерлер мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды және Қазақстан Республикасы Ғалымдар мен инженерлер одағының «Познание» филиалына жетекшілік етті.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Иерарх Алматыдағы митрополит резиденциясының Иверско-Серафимовский үй храмында Құдайдың құлы Валентинаның рухына бағыштап марқұмды еске алу дұғасын жасады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді