ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
30.07.2026, 16:00

«Еleos-Мeirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунның Еуразиялық жастар форумына арнаған құттықтауы

«Еleos-Мeirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунның Еуразиялық жастар форумына арнаған құттықтауы

Аса құрметті Жоғары мәртебелі!

Қадірлі архипастырьлар, ардақты әкелер, бауырлар мен әпке-қарындастар!

Қымбатты православиелік жастар ұйымдарының өкілдері!

«Eleos-Meirim» қоғамдық қайырымдылық қорының атынан және өз атымнан баршаңызды «Аспан. Адам. Дала» атты Еуразиялық православиелік жастар форумының басталуымен құттықтаймын.

Қазақстан жерінде алғаш рет Республикамыздың барлық өңірлерінен келген делегаттарды, көршілес мемлекеттердің қонақтарын, сондай-ақ танымал шіркеу және қоғам қайраткерлерін біріктірген осындай ауқымды іс-шара өтіп отыр.

Форум қатысушыларының алдында маңызды әрі қызықты міндет тұр – жастарға арналған ағартушылық қызметтің жаңа мүмкін болатын бағыттары мен түрлерін талқылау. Көпғасырлық шіркеулік тәжірибе мен дәстүрлерді сақтай отырып, қазіргі жағдайда жастарға Ізгі хабардың құтқарушы сөзін қалай барынша әсерлі жеткізуге болады, мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар туралы әлемге қалай нанымды куәлік етуге болады – осы мәселелердің жауабын іздеу қажет.

Қазіргі әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде. Жаңа технологиялар бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Адамның көптеген саладағы мүмкіндіктері кеңеюде. Өкінішке қарай, өз жетістіктеріне масаттанған адам көбіне Құдайды ұмытып кетеді. Алайда Иеміз Өзі сыйлаған таланттар мен қабілеттерді игілік жолында жұмсауымызды күтеді. Ұлы афондық әулие, қасиетті Паисий Святогорец: «Жастарға тәжірибе жетіспеуі мүмкін, бірақ оларда өтірік пен қулық жоқ», – деген болатын.

Православиелік жастар өздерінің шығармашылық, ағартушылық және әлеуметтік жобаларын анағұрлым белсенді түрде насихаттауы қажет деп сенемін. Қатарластарының игі үлгісі өзге жастарды өз білімдерін, қабілеттері мен дарындарын барынша жүзеге асыра алатын саланы іздеуге шабыттандырады. Ең бастысы – Құдайға апарар өз жолын тауып, Мәсіхпен қауышудың қуанышын сезінуге жетелейді.

Жастарды «рухпен және ақиқатпен» (Ин. 4:23) тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп, олардың адамгершілік тұрғыдан өсуі мен сенімде нығаюына қамқорлық жасай отырып, Шіркеу жастармен өздеріне түсінікті әрі жақын тілде сөйлесуі тиіс. Ол үшін қазіргі ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін де тиімді пайдаланған жөн.

Форумымыз барлық қатысушыларға көптеген адамдарға пайдасын тигізетін жаңа идеялар мен ынтымақтастықтың тың жолдарын табуға көмектеседі деп сенемін. Баршаңызға зор күш-қуат, сарқылмас белсенділік және барлық игі бастамаларыңызға Құдайдың мол батасын тілеймін.

«Eleos-Meirim» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті

В.М. Капсамун

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді