17 қыркүйек 2025 жыл. Астана. Қазақстан астанасында өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы қасиетті Кирилл Республика мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Кездесуге Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты.
Қасиетті Патриарх пен Бас мүфти дінаралық келісімді нығайту және қоғамдағы рухани құндылықтарды насихаттау мәселелерін талқылады.
Сұхбаттасушылар Ресей мен Қазақстандағы православие-мұсылман қарым-қатынастары туралы пікір алмасты.
Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі
Қасиетті шейіт Киприан мен азап шегуші Иустинаның еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиялық округінің Өкілдігінде Литургия өткізді
Толығырақ
Қасиетті Құдай Анасының Покров мерекесінде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр