16 қазан 2025 жыл. Павлодар. «Колос» мәдени-демалыс орталығында Рухани келісім күніне арналған облыстағы діни бірлестіктер өкілдерінің шығармашылық фестивалі өтті.
Іс-шараны Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды.
Фестивальге Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнаваның батасымен Елена Юсупжанова жетекшілік ететін Павлодар қаласындағы Благовещенский кафедралды соборының хоры қатысты.
Шығармашылық кеш соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
17 қазанда Павлодар өңірлік коммуникациялар қызметінде конфессияаралық келісім тақырыбына арналған пресс-конференция өтті.
Іс-шараның спикерлері болғандар: Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Қаппасов; Павлодар епархиясының діни ағарту және катехизация бөлімінің меңгерушісі иерей Артемий Жданов; қалалық діни бірлестіктердің өкілдері.
Кездесу барысында мамандар журналистердің еліміздегі «Рухани келісім күні» мерекесі мен өңірдегі діни ахуалға қатысты сауалдарына жауап берді.
Дәл осы күні Павлодар қаласындағы Достық үйінде діни ұйымдардың жетекшілері мен өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Маликова қатысушыларды құттықтады. Айгүл Қайыртасқызы жиналғандарды Рухани келісім күнімен құттықтап, қазақстандық қоғамның рухани дамуы үшін көпконфессиялылықтың маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай дөңгелек үстелге қатысушылар өңірдегі діни бірлестіктерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Талдықорған епископы Кладвиан «Рухани келісім жолы: Съезд идеяларын жүзеге асыру» атты дінтанушылар мен діни бірлестіктер жетекшілерінің форумына қатысты
ТолығырақПавлодар епархиясының Рухани келісім күні
ТолығырақҚазақстан Митрополиттік округінің өкілдері «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен татулықтың негізі» атты республикалық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр