22 қазан 2025 жыл.Талдықорған қаласы. Жетісу облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Салтанат сарайында» «Рухани келісім жолы: Съезд идеяларын жүзеге асыру» тақырыбында дінтанушылар мен діни бірлестіктер жетекшілерінің республикалық форумы өткізілді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен форумға Талдықорған епископы Кладвдиан, Астана епархиясының викарийі және Талдықорған викариатының діни қызметкерлері қатысты.
Іс-шараға қатысқандар: облыс әкімдігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің дін істері комитетінің мүшелері; Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері; епископ Хосе-Луис Мумбиела Сиерра, Алматыдағы Қасиетті Троица рим-католиктік епархиясының басшысы; дін істері басқармаларының басшылары, республиканың облыстары мен қалаларындағы дін мәселелерін зерттеу орталықтарының директорлары, дінтанушылар, теологтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының, Жетісу университетінің, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері, «IHSAN» ғылыми-мәдени орталығы, депутаттар, мемлекеттік және жеке БАҚ журналистері.
Форумның мақсаты – әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде талқыланған өзекті мәселелерді қоғамға кеңінен түсіндіру, тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетов тұрғындар арасында бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі және тарихи-мәдени, діни және рухани құндылықтарды сақтаудағы еңбегі үшін бірнеше қатысушыларға «Облыс әкімінің Алғыс хатын» табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында Талдықорған епископы Кладвиан мен викариаттың діни қызметкерлері болды.
Талдықорған епископы Кладвиан «Рухани келісім жолы: Съезд идеяларын жүзеге асыру» атты дінтанушылар мен діни бірлестіктер жетекшілерінің форумына қатысты
ТолығырақПавлодар епархиясының Рухани келісім күні
ТолығырақҚазақстан Митрополиттік округінің өкілдері «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен татулықтың негізі» атты республикалық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр