28 шілде 2026 жыл. Астана. Рим-католиктік Қасиетті Бикеш Мария архиепархиясының ординарийі, архиепископ-митрополит Томаш Бернард Пэтаның шақыруымен Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан астанасындағы Құдай Анасының Үздіксіз Жәрдемі кафедралық соборы жанындағы курияға (епархиялық басқармаға) барды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы мен астаналық католик архиепископы-митрополитінің кездесуіне Ватиканның Қазақстандағы елшісі, Апостолдық нунций архиепископ Джордж Панамтхундил де қатысты.
Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының өнерге еңбек сіңірген қайраткері О.Н. Овчинников; Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Алматы Православие діни семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиялық округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Алматы діни семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Сергий Куликов және курия қызметкерлері.
Жоғары Мәртебелі митрополит сұхбаттасушысына Қазақстан Митрополиттік округінің өмірі жайында әңгімелеп, биыл Қазақстанның көктегі қамқоршылары – Алматылық қасиетті азап шегушілер Серафим мен Феогност қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толып отырған тарихи күн айтты. Билеуші митрополит мерейтойлық күнге арналған іс-шаралар аясында Алматыда 150-ден астам жас спортшыны біріктірген 14 команданың қатысуымен халықаралық жастар волейбол турнирі өткенін атап өтті.
Әңгіме барысында Қазақстандағы бірегей тарихи әрі археологиялық жәдігер – Турин кебінінің көрмесінің екінші кезеңін өткізу мәселесі талқыланды. Көрме Қазақстан Православие Шіркеуінің, халықаралық «Kirche in Not» («Мұқтаждықтағы Шіркеуге көмек») қайырымдылық ұйымының және Астанадағы Рим-католик архиепархиясының бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылуда. 2026 жылы көрмені Петропавлда, Қарағандыда және Алматыда өткізу жоспарланып отыр.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы христианаралық және конфессияаралық үнқатынастың қазіргі жай-күйі туралы пікір алмасты. Олар бұл саладағы ахуалға өзара қанағаттанушылық білдіріп, оның одан әрі даму перспективаларын оң бағалады.
Сондай-ақ дәстүрлі рухани құндылықтарды қорғауға және қоғамда берік отбасы, бала тәрбиесі, некенің бұзылмауы, адамның өмірін ұрықтанған сәтінен табиғи өліміне дейін қадірлеу сияқты қасиетті ұғымдарды орнықтыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Конфессияаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін митрополит Александр архиепископ Томашты Қазақстан Православие Шіркеуінің «Алғыс» орденімен марапаттады.
Кездесу соңында тараптар бір-біріне зор денсаулық, қызметтеріне табыс пен Құдайдың жарылқауын тіледі.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті.
Көкшетау және Ақмола епархиясы дін қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті
Толығырақ
Алматыда Верный және Жетісу епископы, қасиетті шейіт Пимен құрметпен еске алынды
Толығырақ
Верный қаласының қасиетті шейіті Пименді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр