ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
09.10.2026, 12:00

Астана шіркеулік округінің құрметті өкілі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIV отырысына қатысты

Астана шіркеулік округінің құрметті өкілі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIV отырысына қатысты

7 қазан 2026 жыл. Астана. Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің орынбасары, Съезд Хатшылығының басшысы Е.Т. Кариннің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтті.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Хатшылық отырысына Астана шіркеулік округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Отырысқа әлемнің 20 елінен ислам, христиандық, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм және бахаи діндерінің діни көшбасшылары қатысты. Сонымен қатар конференция жұмысына Қазақстан мен басқа да елдердің мемлекеттік органдарының, қоғамдық және діни ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар қазіргі заманның өзекті мәселелері мен оларды шешудегі діни қауымдастықтардың рөлін талқылады. Жасанды интеллектіні қолдану этикасына, климаттың өзгеруімен күреске және емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылды.

Сөз сөйлеген қатысушылар адамгершілік құндылықтарды орнықтыруда, адам қадір-қасиетін сақтауда және бейбітшілікті нығайтуда конфессияаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Съездің халықаралық диалогты дамыту және жаһандық мәселелерді шешудің ортақ тәсілдерін қалыптастыруға арналған маңызды алаң екені айтылды.

Хатшылықтың XXIV отырысының қорытындысы бойынша «Діндердің климаттың өзгеруімен күрестегі рөлі» және «Діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі» атты халықаралық құжаттар қабылданды. Оларды БҰҰ сияқты халықаралық алаңдарда, сондай-ақ діни ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығымен өзара іс-қимыл аясында одан әрі ілгерілету жоспарлануда.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді