10 қазан 2026 жыл. Қарағанды. Фатималық Қасиетті Бикеш Мария соборында діни қызметкер Петр Пытлованының епископ дәрежесіне ординациясы (қол қою рәсімі) өтті.
Рим Папасы Лев XIV-тің 2026 жылғы 10 тамыздағы шешімімен монсеньор Петр Пытлованы Қарағанды епархиясының басшысы қызметінде епископ Аделио Дель Ороның орнын басты.
Ординация рәсімін өткізгендер: Астанадағы Қасиетті Құдай Анасының рим-католик архиепархиясынвң митрополит-архиепископы Томаш Бернард Пэта, Қазақстандағы апостолдық нунцийі, архиепископ Джордж Панамтхундил, Пшемысль митрополит-архиепископы Адам Шаль және епископ Аделио Дель Оро.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен құлшылыққа елордалық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.
Ординация рәсімі аяқталғаннан кейін архимандрит Сергий Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы атынан жаңадан тағайындалған епископқа арналған құттықтау хатын оқып берді.
«Қазақстандағы дәстүрлі конфессиялардың басшыларына қоғамдағы мызғымас моральдық құндылықтарды сақтау, бейбітшілік пен бауырластықты нығайту ісінде ерекше жауапкершілік жүктеледі. Сіздің бастамаңызбен Қарағандыдағы Рим-католик епархиясы мен Қазақстан Православие шіркеуінің Қарағанды епархиясы арасындағы ізгі диалог жалғасын тауып, конфессияаралық байланыстар одан әрі дамып, бірлескен қайырымдылық және ағартушылық жобалар жүзеге асады деп сенемін. Сізге, қасиетті мәртебелі епископ, бейбітшілік, Жаратқан Иеден рақым, рухани және тән күш-қуатын, сондай-ақ епископтық қызметіңізде берекелі табыстар тілеймін», – делінген Қазақстан Митрополия округі басшысының құттықтауында.
Елордалық шіркеу округінің құрметті өкілі епископ Петрге митрополит Александрдың атынан Қасиетті Құдай Анасының Астана-Почаев бейнесін сыйға тартты және алдағы қызметіне Құдайдың жәрдемін тіледі.
Қасиетті Құдай Анасының Покров мерекесінде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Елорда шіркеу округінің құрметті өкілі Рим-католик Шіркеуінің Қарағанды епархиясы епископының ординациясына (қол қою рәсіміне) қатысты.
Толығырақ
Митрополит Александрдың Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Д.А. Тураевпен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр