(1877 - 1937) – діни қызметкер, қасиетті шейіт
Еске алу 2 желтоқсан ( 19 қараша ескі күнт.) Ресей жаңа шейіттері мен діндарлар шеіркеуінде.
1877 жылы Владимир губерниясының Переславль уезінің Иванисово ауылында туған. Діни семинарияны бітірген.
1904 жылы иерей болып тағайындалды.
1930 жылы Иваново өнеркәсіптік облысы, Южский ауданы, Груздева селосының шіркеуінде қызмет етті. Шіркеуді жабу қаупі ұлғайған кезде, Иаонн Әке оны төлеу үшін приходтардан ақша жинады.
1930 жылы 21 қазанда «антикеңестік үгіт жүргізді» деген айыппен тұтқындалып, Южа қаласындағы түрмеге жабылды.
1930 жылы 27 қарашада ОГПУ-дың Иваново индустриалды облысы бойынша Өкілетті өкілдігі жанындағы Арнайы үштік оны 3 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберу жазасын кесті. Лагерден оралған соң Иваново өнеркәсіптік облысы, Лежнев ауданы, Бойково селосында тұрған.
1937 жылы 21 наурызда «контрреволюциялық жұмысы» үшін Қазақстанға 5 жылға жер аударылды. Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Майское ауылында тұрған. Мойский (Майский) шахтасында жұмысшы болған.
1937 жылы 25 қарашада «контрреволюциялық жұмыс жасады» деген айыппен қамауға алынды. Ол кінәсін мойындамады.
1937 жылы 1 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша НКВД жанындағы Арнайы үштік оны ату жазасына кесті.
Белгісіз ортақ қабірге жерленген.
2000 жылы Орыс Православие Шіркеуінің Архиерейлік мерейтойлық кеңесімен аты шықты.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ