18 наурыз 2026 жыл. Алматы. Египеттегі «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің делегациясы Алматы православиелік рухани семинариясында болды.
Делегация құрамында болғандар: «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Ж. Тологон; аталған кафедраның қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, «Qut» журналының бас редакторы Т. Темірбаев; «Дінтану» мамандығы бойынша магистрант Х. Демеуова.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен қонақтарды қарсы алғандар: Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, теология кандидаты протоиерей Евгений Иванов; тәрбие ісі жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский; ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев.
Қонақтар үшін рухани оқу орнының ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқу аудиториялары, кітапхана және әкімшілік корпус таныстырылды. Делегация өкілдері семинариядағы оқу жағдайлары мен материалдық-техникалық базаны жоғары бағалады.
Экскурсиядан кейін оқытушылар бөлмесінде семинария әкімшілігі мен «Нұр-Мүбарак» университетінің «Дінтану» кафедрасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар өңірдегі конфессияаралық диалог пен діни білім беруді дамыту перспективаларын талқылады.
«Дінтану» кафедрасының меңгерушісі әріптестеріне ислам жоғары оқу орнында жүзеге асырылып жатқан перспективалы жобалар туралы баяндады. Өз кезегінде протоиерей Евгений Иванов қонақтарға Қазақстандағы Православие шіркеуі үшін мамандар даярлайтын негізгі оқу орны – Алматы рухани семинариясының қызметі туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында тараптар ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағдарламаларды іске асыру аясында «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті мен Алматы православиелік рухани семинариясы арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтіп, соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен алмасты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр