2–7 қараша 2026 жыл. Байқоңыр. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен В. М. Комаров атындағы шығармашылық орталығының ғимаратында офлайн және онлайн форматта «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті.
Шығармашылық байқауды дәстүрлі түрде Байқоңыр қаласындағы Ұлы азап шегуші Георгий Жеңімпаз атындағы шіркеу мен В. М. Комаров атындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығы Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К. Д. Бусыгиннің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – православие мәдениетінің қайнар көздеріне баулу арқылы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік негіздерін нығайту, жоғары адамгершілік қасиеттерге, отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Фестиваль қазылар алқасының құрамына кіргендер: Байқоңыр қаласындағы Ұлы азап шегуші Георгий Жеңімпаз атындағы шіркеудің басқарушысы иерей Даниил Ивашинин; В. М. Комаров атындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығының директоры И. В. Кузьмина; № 1 балалар музыка мектебі директорының орынбасары А. В. Жаркова; В. М. Комаров атындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығы директорының орынбасары Д. Г. Вахитова; № 2 балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімінің меңгерушісі И. Р. Киртава; Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі А. В. Останина; Шығармашылық орталығының қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі маманы А. В. Ходаковская; № 1 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. А. Голикова; Георгий шіркеуінің приходшысы М. А. Глазунова.
Шығармашылық байқауға қатысқандар: мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін және жексенбілік мектептердің оқушылары, көркемөнер студиялары мен музыка мектептерінің шәкірттері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің түрлі қалаларынан келген ересек орындаушылар мен шығармашылық ұжымдары. Байқауға қатысушылардың жалпы саны 300-ден асты.
Байқау бағдарламасы мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 25 жастан асқан орындаушыларға дейінгі жеті жас санатын қамтыды. Қатысушылар «Вокалдық өнер» және «Көркемсөз оқу» номинациялары бойынша өнер көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Жүрегіммен ән саламын/оқимын» атты арнайы номинация қарастырылды.
7 қарашада В. М. Комаров атындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығының акт залында «Благовест» рухани әндерінің XIV ашық халықаралық фестивалінің гала-концерті және жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараның құрметті қонағы Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Н. П. Адасев болды.
Концерттік бағдарламаны Байқоңыр қаласындағы православие шіркеулерінің діндарлары, қала әкімшілігі мен діни бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері тамашалады.
Мерекелік кештің алдында иерей Даниил Ивашинин мен Николай Петрович Адасев жиналған қауымға құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі фестивальдің қала өміріндегі рухани-мәдени маңыздылығын атап өтті.
Одан кейін көрермендер назарына құлшылық әндері, халық әндері мен рухани-патриоттық мазмұндағы концерттік шығармалар, сондай-ақ Отанға, отбасына, махаббат пен адалдыққа арналған өлеңдер ұсынылды.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша Гран-при иегерлері мен I дәрежелі лауреаттар анықталды.
«Вокалдық өнер» номинациясы
Гран-при иегерлері:
I дәрежелі лауреаттар
1-жас санаты (7 жасқа дейін):
2-жас санаты (8–9 жас):
3-жас санаты (10–12 жас):
4-жас санаты (13–15 жас):
6-жас санаты (25 жастан жоғары):
«Көркемсөз оқу» номинациясы
Гран-при иегерлері:
I дәрежелі лауреаттар
1-жас санаты:
2-жас санаты:
3-жас санаты:
4-жас санаты:
Барлық байқаулар мен номинациялар бойынша жүлдегерлерге иерей Даниил Ивашининнің қолынан дипломдар, сыйлықтар мен естелік тартулар табысталды. Дін қызметшісі жиналған қауымға арнаған сөзінде ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, Шіркеу игілігі мен балалар тәрбиесі жолындағы алдағы еңбектеріне Құдайдың жәрдемін тіледі.
Марапаттау рәсімі соңында қатысушылармен бірге естелік суретке түсу рәсімі өтті.
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Қасиетті ұлы шейіт Димитрий Солунскийді еске алу күні – жексенбіде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Құдайлық литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр