2026 жылғы 8 қараша – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 22-ші жексенбі. Қасиетті ұлы шейіт, миро ағып тұратын Димитрий Солунскийді еске алу күні; Царьградта болған ұлы әрі қорқынышты жер сілкінісін еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің істер басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий; Астана епархиясының викарийлері – Малотимофеевск епископы Гедеон, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Николай соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Қайғы шеккендердің барлығының қуанышы» иконасының құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов); Вознесенск кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы православие рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Патриархтық дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі, Вознесенск кафедралды соборының дін қызметкері игумен Филипп (Моисеев); Алматыдағы Петропавл ғибадатханасының кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр; Митрополиялық округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Қостанай епархиясы хатшысының м.а.иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттамалық қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Виталий Быструшкин; диакон Александр Пивень; диакон Рустик Якупов; диакон Иоанн Жучков; диакон Георгий Ткаченко және диакон Никита Сергиенко.
Діндарлардың дұға етуі мен рухани нығаюы үшін басты храмға қасиетті ұлы шейіт Димитрий Солунскийдің қасиетті жәдігерлерінің бір бөлшегі сақталған иконасы әкелінді. Бұл қасиетті жәдігер Алматыдағы митрополит резиденциясының үй шіркеуі – Ивер және Серафим ғибадатханасында сақтаулы.
Құдайға құлшылық ету әндерін В. Дудареваның жетекшілігіндегі Қазақстан Митрополиттік округінің хоры және Е. Богуславец жетекшілік ететін Вознесенск соборының хоры орындады.
Қасиетті өлеңнен кейін протоиерей Евгений Иванов уағыз айтты.
Литургия Мәсіх жолында азап шеккен ұлы шейіт Димитрий Солунскийдің қасиетті жәдігерлерінің бөлшегі сақталған иконасының алдында мадақтау рәсімімен аяқталды.
Құлшылық рәсімі аяқталған соң митрополит Александр архипастырьларға, дін қызметкерлеріне, монахтар мен монах әйелдерге, приход мүшелері мен қажыларға ортақ дұға қуанышы үшін шын жүректен алғысын білдіріп, жиналған қауымды жексенбі күнімен – «Кіші Пасха» мерекесімен құттықтады.
Бұдан кейін Митрополитікокруг Басшысы жамағатқа тәлімдік уағызын арнап, онда ұлы шейіт Димитрийдің рухани ерлігінің мәні туралы әңгімеледі. Сондай-ақ қасиетті шейіттің құрметіне шоқындыру рәсімінде Димитрий есімін алған приход мүшелерін періште күнімен құттықтады.
Оның Жоғары мәртебесі діндарларға қасиетті су септі.
Құлшылық рәсімінің тікелей көрсетілімі «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (жетекшісі – В.М. Капсамун) қолдауымен «Прообраз» YouTube арнасында көрсетілді.
Литургияның бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополитік округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева) жүзеге асырды. Бейнематериалдар «Семиречье» YouTube арнасында жарияланды. Фототүсірілімді А. Халин жасады.
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Байқоңырда «Благовест» атты рухани әндердің XIV ашық халықаралық фестивалі өтті
Толығырақ
Қасиетті ұлы шейіт Димитрий Солунскийді еске алу күні – жексенбіде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Құдайлық литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр