(1889 - 1920) – иерей, қасиетті шейіт
Еске алу 11 ақпан (29 қаңтар, ескі күнт.), Ресей мен Қазақстанның жаңа шейіттер мен діндардар кеңесінде.
1889 жылы 18 маусымда дүниеге келген. Харьков губерниясындағы Песчанский халық училищесінде курс бітірді.
1913 жылдың 15 тамызынан бастап Түркістан архиерейлік үйінде мойынсұнушы болды.
1914 жылы 26 сәуірде рақымы мол Иннокентий оны кафедралық шіркеуде жыршы етіп тағайындады.
1914 жылы 22 қыркүйекте ол диакон болып тағайындалды.
1915 жылы 1 қазанда оған архиерейлік мақтау қағазы берілді.
Оның иерей дәрежесіне тағайындалған күні белгісіз.
Жетісу облысы Верненск ауданы Евгеньевка ауылында (қазіргі Маловодное ауылы) діни қызметкер болған.
Облыстық ЧК Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық әрекеттер жасады, РЦПБ-ны келемеждеді, әскери керек-жарақтарды сақтады, коммунистер үшін нан тартудан бас тартты деп айыптады.
1920 жылы 11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні Жетісу облысы Талғар ауылында протоиерей Иоанн Гранитовпен бірге атылды. Олармен бірге тағы 5 православ христианы атылды.
Олар Талғар ауылының маңындағы белгісіз бейітке жерленген.
2000 жылдың тамызында Архиерейлік кеңесінде ол Ресей мен Қазақстанның қасиетті жаңа шейіттері және кдіндарлары қатарына қосылды.