(1879 - 1937) – шейіт
Еске алу күні 15 желтоқсан (2 желтоқсан, ескі күнт.) Ресейдің жаңа шейіттер мен діндарлар шіркеуінде.
1879 жылы Мәскеуде діни қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ол мектепті бітіріп, тұрмысқа шықты. Оның күйеуі діни қызметкер болды және олардың екі қызы болды. Мықты ішкі көзқарасы мен жақсылық жасауға деген ұмтылысы Мария Ивановнаны басқалардан ерекше етті, ол Мәсіхке және өзінің жақындарына мейірімді болуға бағытталған монастырлық өмірге жаны жақын болды; Ол негізінен монастырьлары жабылып қалған Иваново монастырларынан құрылған «Аса құрметті Киприанның әпкелер қауымына» мүшесі болды. Өзі көмектескен монах әйелдерімен бірге Мария Ивановна 1937 жылы 27 сәуірде тұтқындалды.
Монахтар Маргарита, Феврония, Тамара және діни қызметкердің әйелі Мария Ивановна бірдей топтық іспен жауапқа тартылды, «Аса құрметті Киприанның әпкелер қауымы, Ивановская облысы, 1937 жыл».
Ардақты аналар Маргарита мен Тамара 5 жылға, ана Феврония мен Мария Ивановна 3 жылға Қазақстанға жер аударылды. Олар айдауда да бірге тұрып, Павлодар облысы, Бесқарғай ауданы, Майское ауылына қоныстанды, бірге дұғада болды.
1937 жылы 3 желтоқсанда олардың барлығы қайтадан қамауға алынып, жаңа топтық іс қозғалды: «Маргарита Закачурина және т.б., Павлодар, 1937 ж.»
4 желтоқсанда бұл іс бойынша тергеу соңғы үкіммен аяқталды: ең ауыр жаза - ату жазасына кесу.
Ол 2000 жылы жалпышіркеу құрметі үшін Орыс Православие Шіркеуінің архиерейлік мерейтойында Ресей діндарлары мен жаңа шейіттер қатарына қосылды.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ