(1876 - 1937) – діни қызметкер, қасиетті шейіт
Еске алу күні 28 қараша (15 қараша, ескі күнт) Орыс шіркеуінің жаңа шейіттер мен діндарлар соборында.
1876 жылы 24 шілдеде Самара губерниясының Бузулук ауданы, Лабазы ауылында діни қызметкердің отбасында дүниеге келген.
Самара діни семинариясын бітірген.
Ол Серафима Дмитриевнаға үйленді.
Ол діни қызметке тағайындалды.
1932 жылы пайдакүнемдік жасады деген күдікпен ОГПУ оны тұтқындап, сегіз күннен кейін босатады. Қамауға алынған кезде ол Куйбышев облысы Чапаевск қаласындағы шіркеудің басшысы қызметін атқарған.
1935 жылы 29 наурызда «Діни қызметкерлер Н.П. Щербаков, П.П. және т.б Кеңес өкіметін құлатуға үгіт-насихат, Сталинді өлтіру керектігі туралы әңгімелер» топтық ісі бойынша айыпталып, Сызран түрмесіне қамалды.
1935 жылы 7 маусымда КСРО НКВД-ның Арнайы жиналсында Қазақстанға бес жылға жер аударуға үкім шығарылды. Семей қаласында айдауда болып, дәріхана училищесінде есепші болып жұмыс істеген.
1937 жылы 23 қарашада «контрреволюциялық әрекет жасады» деген айыппен Семейде тұтқындалды.
Тергеушіден жауап алу кезінде антисоветтік үгіт жүргізгенін мойындауын сұрағанда, ол: «Жоқ, мен Семейде айдауда тұрғандықтан, мен ешқашан антисоветтік үгіт жүргізген емеспін Басқа айтарым жоқ» деп жауап берді.
Айыптау үкімінен:
«Семей қаласында жер аударылған Щербаков контрреволюциялық әрекеттермен айналысып, партия, үкімет және кеңес өкіметінің басшыларына жала жауып, КСРО конституциясы туралы арандатушылық сөздер айтып, буржуазиялық құрылысты мақтады.
Өндірістік тауарлардың баға саясатына қарсылық білдіріп, оны контрреволюциялық жолмен түсіндіріп берді. Ол тәркілеуге қарсы революциялық жанашырлық танытты».
1937 жылы 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысындағы НКВД-ға қарасты үштігімен. ату жазасына кесілді.
1937 жылы 28 қарашада түнгі екіде атылды.
1989 жылы 29 сәуірде Семей облыстық 1937 жылғы қуғын-сүргінге байланысты, ал сол жылдың 19 мамырында Куйбышев облыстық прокуратурасымен 1935 жылғы қуғын-сүргінге байланысты ақталды.
2000 жылдың тамызында Орыс православие шіркеуінің Архиерейлік соборында заңдастырылған.