ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Петр Иванович Антонов

Петр Иванович Антонов

(1872 - 1937) – қасиетті шейіт

Еске алу күні 2 желтоқсан (19 қараша, ескі күнт.) Ресейдің жаңа шейіттер мен конфессерлер соборында.

 

1872 жылы Донецк облысы, Каменская селосында туған. Революцияға дейін ол патша армиясында офицер болып қызмет етті, содан кейін революция біткен соң ол шіркеуге жыршы ретінде қызмет етуді таңдады. 1923 жылы Петр Иванович «діни насихаттады» деп айыпталып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келесі жолы шейіт 1930 жылы ұсталды. «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін» 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл құқығынан айыру жазасына кесілді. 5 жыл түрмеде отырған соң, 1935 жылы Петр Иванович қашуға әрекеттенеді. Жаңа үкім тағы шықты: тағы да лагерьде 10 жыл жазасын өтеу. Ол Қазақстандағы Карлагқа кезеңмен жеткізілді.

1937 жылы 21 қарашада Антонов тағы да қамауға алынып, үстінен жаңа іс қозғалды. Ол «кеңес өкіметінің жақын арада жойылуы туралы діни көзқарастағы арандатушы қауесеттерді және өз болжамдарын тарату» айыбы түседі. Айыптау үкімінде айтылғандай, «П.И. Антонов өзіне тағылған айыптарды мойындамады, бірақ ол өзінің «көзқарасы» туралы айтқан кездесулерге қатысқанын жоққа шығармады.

1937 жылы 17 желтоқсанда НКВД үштігі Петр Иванович Антоновты ең ауыр жазаға кестіі. Үкім 1938 жылы 7 наурызда орындалды.

2000 жылы Орыс Православие Шіркеуінің мерейтойлық Архиерейлік кеңесінде осы әулиені бүкіл шіркеулік құрметтеу туралы шешім қабылданды.

 

Сілтеме көшірілді