ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Петр Иванович Новосельский

Петр Иванович Новосельский

(1883 - 1937) – діни қызметкер, қасиетті шейіт

Еске алу күні 15 қыркүйек (2 қыркүйек, ескі күнт.) Ресейдің жаңа шейіттері мен конфессерлер соборында.

Қасиетті шейіт  Петр (Петр Иванович Новосельский) 1883 жылы Нижний Новгород губерниясының Смирново селосында диаконотбасында дүниеге келген. Ол 1905 жылы Діни семинарияны бітірді, содан кейін ол қасиетті дәрежелерді қабылдады. Петр әке  Нижний Новгородтағы шіркеулердің бірінде діни қызметкер болып қызмет етті.
 
1929 жылы діни қызметкер алғаш рет тұтқындалып, «контрреволюциялық әрекет жасады» деген айыппен Тұруханский облысына 3 жылға жер аударылды. Жаза мерзімі аяқталғаннан кейін Петрәке  Нижний Новгородта діни қызметін жалғастырды. 1935 жылы 23 мамырда екінші рет тұтқынға алынды. Айыптау үкімінен: «1 мамырда митрополит Евгениймен [Зерновпен], діни қызметкерлер мен шіркеу кеңесі Зуновпен, Македонский және т.б.  бірлесе отырып,, халықты 1 мамыр демонстрациясына қатысудан алшақтату үшін салтанатты түрде ғибадат  етуді  өткізуді ұйымдастырды». Айыптау үкімінде: «белсенді контрреволюциялық үгіт, діни қызметкерлермен, соның ішінде митрополит Евгениймен [Зерновпен] тығыз байланыс, антисоветтік мазмұндағы уағыздар». 
Үкім шығарылды: 3 жыл мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерінде жазасын өтеу.
 
Петр әке жазасын Қарлаг НКВД-да (Қарағанды облысы, Қазақстан) өтеуге мәжбүр болды. Онда есепші, сүт есепшісі, омарташы болып жұмыс істеді. «Тұтқынның мінездемесінде» былай айтылған: «Сауатсыздықты жоюға қатысты.Күнделікті өмірде және жұмыста жүріс-тұрысы өте жақсы». Барлық сипаттамалардың жағымдылығына қарамастан, 1937 жылы 31 тамызда Әке Петр лагерьде тұтқындалды.
 
Ол «діни қызметші Василий Зеленский және т.б.» топтық ісі бойынша тергелді, Қарағанды, 1937 ж. Айыптау үкімінен: «Ол шіркеу қызметтерін жүргізді және балаларды шомылдыру рәсімінен өткізді. Бұрынғы діни қызметкер ретінде өзініңғ діни көзқарасын берік ұстанады  «1937 жылы наурызда ол тұтқындағы Межаготованың баласын заңсыз шомылдыру рәсімінен өткізді, шомылдыру рәсімі базаның ғимаратында жүргізіді және купель орнына бұзаулар суарылатын тегенені пайдаланды». Әке Петр контрреволюциялық әрекеттер үшін кінәсін мойындамады. Іс материалдарынан: «Жауап алу кезінде ол баланың шомылдыру рәсімінен өту фактісін жоққа шығарды және жала жабуды талап етті, ол айқыштағы қызмет туралы ештеңе білмейтінін айтты».
 
1937 жылы 10 қыркүйекте   Қарағанды облысы бойынша УНКВД үштігі діни қызметші Петр Новосельскийді ең ауыр – ату жазасына үкім етті. Сол жылы 15 қыркүйекте үкім орындалды.
 
2000 жылдың тамызында Орыс православие шіркеуінің Архиерейлік кеңесінде заңдастырылды.
Сілтеме көшірілді