(1872 - 1937) – діни қызметші, қасиетті шейіт
Еске алу күні (17 желтоқсан, ескі бейсенбі), Ресейдің жаңа шейіттері мен конфесссорлар соборында, Қазақстанның жаңа шейіттері мен конфессорлар соборында және Саратов әулиелерінің соборында.
1873 жылы Саратов губерниясының Петровский ауданы, Кондол селосында діни қызметкердің отбасында дүниеге келген.
Саратов діни семинариясын бітірген.
Петр Иванович пен оның жұбайы Надежда Васильевна Щеголева-Покровскаяның отбасында бес бала болды.
1924 жылдан бастап, Покровскийлер отбасы Саратов қаласында Воскресенский зиратында тұрды, Петр әке зират басындағы шіркеуде діни қызметкер болды.
1928 жылы 25 шілдеде оны Нижневолжск бойындағы ОГПУ ПП органы тұтқындайды. Тергеу барысында ол Саратов уақытша ұстау изоляторында қамауда болды. Оған «Кеңес үкіметіне және оның шіркеу мен мемлекетті бөлу мәселесіне қатысты саясатына қарсы бола отырып, Кеңес үкіметі дін мен оның қызметшілерін әбден тұншықтырады» деген үгіт жүргізгені үшін айыпталды. бап бойынша тағылған айып бойынша кінәлі. Ол РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-10-бабының 2-бөлігі бойынша тағылған айыпты мойындамады.
1928 жылы 2 қарашада ОГПУ алқасының кезектен тыс мәжілісінің қаулысымен ол қамаудан босатылып, 1928 жылдың 25 шілдесіндегі кезеңді есептеп, үш жыл мерзімге Тверь қаласына тұруға жіберілді.
Қуғын-сүргін біткен кезде ол Саратовқа оралды. Ол әйелімен біргемына мекен-жайда тұрды: 6-шы зират өткелі, 3, Апостолдарға Киелі Рухтың түсуі құрметіне ашылған соборында діни қызметкер болып қызмет етті.
1936 жылы 11 қазанда НКВД-ның Саратов облысы бойынша басқармасы оны «өз төңірегінде антисоветтік үгіт жүргізді, кеңес үкіметі тарапынан дінді қудалады деген арандатушылық қауесет тарады» деген айыппен қамауға алды. Саратов түрмесінде қамауға алынды. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады.
КСРО НКВД ОСО-ның 1937 жылғы 9 қаңтардағы қаулысы негізінде «Бұрын сотталған діни қызметкер Покровский көпшілікке жария етуге жатпайтын мәліметтерді жариялағаны және антисоветтік үгіт-насихат жасағаны үшін Қазақстанға 11.10.1936 ж.бастап есептегенде 5 жылға жер аударылды».
Шығыс Қазақстан облысы Лозовский ауданы Успен ауылында қуғында болған.
1937 жылы 24 қарашада қайтадан тұтқынға алынды.
Ұсталған күні оның нақты қызметі болмаған. Петр әке контрреволюциялық үгіт жүргізді деп мәлімдеген тергеушіге ол ешқашан контрреволюциялық үгіт жүргізбегенін айтты. Айыптау үкімінде былай делінген:«Кеңес өкіметіне наразы болған Покровский колхозшылар арасында контрреволюциялық үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізді, ол үшін колхозшылардың пәтерлеріне жүйелі түрде барып, жерлеу асы деген жалғандықпен ішімдік ішу кештерін ұйымдастырды, солайша колхозшылардың назарын аударып жұмыстан алыстатты. Көрсетілген іс-әрекет фактілері тергеумен толық дәлелденді. Іс бойынша айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады» (яғни, ол тергеу барысында: «Бір жағдай болды.Мен, Покровский, үй иесі күйеуінің қайтыс болуына байланысты еске алу кешіне шақырылған едім. Түскі астан кейін өз бөлмеме кетіп қалдым. Мен одан басқа колхозшылардың ешқайсысына бармадым және контрреволюциялық үгіт жүргізбедім»).
1937 жылы 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша НКВД үштігінің жиналысында мынадай қаулы қабылданды: «Покровский П.И. атылсын».
1937 жылы 30 желтоқсанда түнгі сағат бірде үкім орындалды. Жерленген жер белгісіз болып қалды.
1962 жылы 13 шілдеде Саратов облыстық соты президиумының 1936 жылғы мұрағаттық қылмыстық іс бойынша қаулысымен ақталды.
1990 жылы 6 маусымда Павлодар облысының прокуратурасымен 1937 жылғы іс бойынша ақталды.
1996 жылы 12 қарашада Саратов облысының прокуратурасымен 1928 жылғы мұрағаттық қылмыстық іс бойынша ақталды.
2000 жылы тамызда Орыс Православие Шіркеуінің Архиерейлік Кеңесі бүкіл шіркеулік құрмет үшін Ресейдің қасиетті жаңа шейіттері мен конфессерлер санатына қосылды.