(1877 - 1937) – діни қызметкер,қасиетті шейіт
Еске алу 10 қазан ( 6 қазан ескі күнт.) Ресейлік жаңа шейіттер мен діни сенушілер шіркеуінде.
1877 жылы Самара губерниясының Ново-Николаевск уезді, Журавлино селосында шаруа отбасында дүниеге келген.
Шіркеуде қызметкер,жыршы болған.
1924 жылы диакон, 1925 жылы иерей болып тағайындалды. Ол Самара губерниясында қызмет еткен.
1929 жылы Журавлевск ауданының халық сотымен «Гарнцев салығын төлемегені үшін» айыпталып, мүлкін тәркілеумен жер аударылды.
Жер аударылғанда Қарағанды облысы Новочеркасск ауданы Таволжан селосының шіркеуінде қызмет еткен.
1931 жылы Ақмола халық соты оны 5 жылға жер аударуға үкім етті. Оның болған жері мен жер аударылғаны туралы мәліметтер белгісіз.
1933 жылы айдаудан оралған соң тағы да Таволжанское селосында қызмет етті.
1933 жылы Ақмола халық соты «астық пен ет тапсыруды орындамағаны және картоппен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді орындамағаны үшін» кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын Ақмола қаласындағы түрмеде өтеген.
Бір жарым жылдан кейін денсаулығына байланысты түрмеден ерте босатылды. Түрмеден оралғаннан кейін ол Таволжан ауылында қайтадан қызмет етіп, тергеу ісінде көрсетілгендей, «колхозшылардың үйінде және өзінің үйінде заңсыз діни қызмет ұйымдастыра бастады Ол колхоздарды діни рәсімдерді ұстануды, мерекелерін атап өтуді үгіттеді. Өзінің үйінде дұғалық жазбаларды жинады.
1937 жылы 31 тамызда Ақмола РО НКВД-сы оны «сенушілер жиналыстарында кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізді» деген айыппен қамауға алады.
Жауап алу кезінде әке Иоанн Рыбин «үйде жиналыстар өткізгенін, онда 20 әйел болғанын, олар Інжілді оқып, жиналғандар Құдайға дұға еткенін» жоққа шығармады, бірақ ол Кеңес өкіметіне қарсы сөйлегенін жоққа шығарды. Айыптау қорытындысында: «Дін қызметкері Иоанн Рыбин өз кінәсін мойындамады, діни жиындар өткізгенін көрсетіп, алайда кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихатпен айналыспағанын айтты».
1937 жылы 14 қыркүйекте Қарағанды облысы бойынша НКВД жанындағы үштікпен сотталып, ату жазасына кесілді.
1937 жылы 19 қазанда атылды.
1966 жылы 2 ақпанда Целиноград облысының прокуратурасымен 1937 жылы ақталды.
2000 жылдың тамызында Орыс Православие Шіркеуі Епископтарының мерейтойлық кеңесінде Ресейдің бүкіл шіркеулік құрмет үшін қасиетті жаңа шейіттері мен діндарлар қатарына қосылды
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ