ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Иоанн Иванович Глазков

Иоанн Иванович Глазков

(1884 - 1937) – діни қызметкер, қасиетті шейіт

Еске алу 10 желтоқсан (27 қараша ескі күнт.) Ресейлік жаңа шейіттер мен діндарлар шіркеуінде.

 

1884 жылы Свердлов облысы, Нижний Тагил қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Сарапуль ауданы, Калюшева ауылында діни қызметкер болған.

1934 жылы 20 наурызда кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізді деген айыппен қамауға алынды.

1934 жылы 28 сәуірде ОГПУ-нің Орал облысы бойынша өкілетті өкілдігі жанындағы арнайы үштік оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын Қазақстандағы Қарағанды ​​еңбекпен түзеу лагерінде өтеген.

1937 жылы 18 қарашада «Карлагтың Самара бөлімшесінде Кеңес үкіметі мен коммунистік партияға қарсы үгіт-насихат жүргізді, жұмысқа шықпауға  үгіт жүргізді» деген айыппен лагерьде қамауға алынды. Ол кінәсін мойындамады, тергеушіге: «Кеңес үкіметі жазықсыз адамдарды лагерьде қамап отыр, ал бізді, діни қызметкерлерді  Құдайға сенгеніміз үшін...деп мен айттым да, айтамын да... Мен лагерьде Кеңес үкіметіне қарсы үгіт үшін қамауда емеспін. Мен Мәсіхке (Христа) сенгенім үшін қиналып азап шегіп отырмын».

1937 жылы 8 желтоқсанда Қарағанды ​​облысы бойынша НКВД жанындағы Арнайы үштік оны ату жазасына кесті. Белгісіз ортақ қабірге жерленген. 2000 жылы епископтардың мерейтойлық кеңесімен аты шықты.

Сілтеме көшірілді