25 қазан 2025 жыл – Қазақстан Республикасының күні. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
«Дәл осы күні, 1990 жылы, Республика тарихындағы айтулы оқиға – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы болды».
Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді, жаңа тиімді экономикалық жүйенің іргетасы қаланды, азаматтардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарды. Бірақ Республиканың ең үлкен жетістігі осы жылдар бойы бейбітшілік пен келісімді мұқият сақтап келген қазақ халқының бірлігі болып табылады.
Қазақстанның Православие Шіркеуі әрқашан елдің рухани және мәдени өмірін дамытуға, дәстүрлерді сақтауға және қоғамда адамгершілік құндылықтарды бекітуге үлес қосып келеді.
Отан, билік, әскерилер және халық үшін Құдайға сиыну арқылы ол адамдар өміріндегі өшпес ізгілік, әділдік және бірлік мұратын бекітуге белсенді түрде ұмтылады», - делінген Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысының құттықтауында.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы ел Президенті Қ.-Ж.Қ.Тоқаевқа, үкімет басшыларына, парламентшілеріне, облыс және қала әкімдеріне Республика күніне орай құттықтауын жолдады.
Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборының қызметкерлерін марапаттау өтті
Толығырақ
Қарғалы ауылында шіркеу жәдігері - ұлы шейіт пен емші Пантелеимонның белгішесі ашылды. Владимир шіркеуіндегі рухани мерекелерді епископ Клавдиан басқарды.
Толығырақ
Митрополит Александр Алматы епархия басқармасының қызметкерлеріне шіркеу марапаттарын табыс етті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр