ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
25.10.2023, 10:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасы күнімен құттықтау сөзі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасы күнімен құттықтау сөзі.

2023 жылғы 25 қазан - Қазақстан Республикасының күні. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

"Бұл күн Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиға - 1990 жыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануымен атап өтілді. Тәуелсіздік жылдары еліміз мемлекеттің дамуы үшін маңызды негіз қалыптастырды - экономикалық өсім үшін  қажетті жағдай жасалды, ұлттық мәдениет, бейбітшілік пен келісім сақталды. Қазақстан азаматтары қайтадан өздерінің діни көзқарастарын еркін ұстануға, ғибадатханалар мен мешіттер тұрғызуға, өскелең ұрпақты дінге тәрбиелеуге мүмкіндік алды.

Біздің еліміз бүкіл әлемге өркениетаралық, дінаралық және ұлтаралық диалогтың үлгісін көрсетуде. Бұған Республика астанасында бірегей- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу дәлел болды. Тіпті бұл форумды елдер мен халықтардың жаһандық проблемаларын шешу үшін тиімді диалог алаңы деп атауға болады. Қазақстанның Православ шіркеуі халқымыздың рухани және мәдени өмірін дамытуға, қоғамда дәстүрлерді сақтауға және адамгершілік құндылықтарды арттыруға ықпал ететін болады. Осы мереке күні баршаңызға бейбітшілік, денсаулық, амандық және еңбектеріңізге табыс тілеймін ", - Қазақстан Митрополиялық округі басшысының құттықтау сөзінде айтылған еді.

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы егемендік күнімен ел Президенті Қ.Ж.Тоқаевқа, мемлекеттік басшылыққа, парламентшілерге, облыстар мен қалалардың әкімдеріне құттықтау жолдады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді