ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
03.10.2026, 15:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қазақстан Митрополиялық округінің хатшысы О.Н. Овчинниковты көктегі қамқоршысының күнімен құттықтады

Қазақстан Православие Шіркеуінің  Басшысы Қазақстан Митрополиялық округінің хатшысы О.Н. Овчинниковты көктегі қамқоршысының күнімен құттықтады

2026 жылғы 3 қазан – әулие, тақуа кнәз Олег Брянскийді еске алу күні, Қазақстан Митрополиттік округі хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Митрополиттік хордың регенті, Патриархтың шіркеулік орыс ән өнерін дамыту жөніндегі кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинниковтың есім күнін атап өту күні.

Олег Николаевичті Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр құттықтады.

Жоғары мәртебелі митрополиттің құттықтау хатында былай делінген:

Құрметті Олег Николаевич!

Сізді көктегі қамқоршыңыз – әулие, тақуа кнәз Олег Брянскийдің мерекесі – есім күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз көптеген жылдар бойы музыкалық және ән өнері саласында Құдайға және адамдарға қызмет етіп келесіз. Шіркеулік әрі шығармашылық жолыңызды жастайыңыздан бастадыңыз – Вятка өлкесінде ән өнерін жаңғырту ісіне атсалысып, Серафим кафедралды соборының клиросында ән шырқадыңыз және Макарьедегі жаңадан ашылған Троицк Шіркеуінде хор құрдыңыз. Сіз мәңгі есте қалатын митрополит Хрисанфтың (Чепиль) сенімді көмекшісіне айналып, өзіңізге жүктелген міндеттерді ыждағатпен әрі жүрек қалауымен атқардыңыз.

Одан кейін өміріңізде Құдайдың қорғауындағы Кострома жерінде сан қырлы қызмет атқарған ұзақ кезең болды. Сол жерде, Костромадағы Богоявленск-Анастасия кафедралды соборында Ресейден тыс жерлерге де танымал болған жарқын музыкалық ұжым құрдыңыз. Мәңгі есте қалатын қасиетті Патриарх Алексий II оны Орыс Православие Шіркеуіндегі ең үздік хорлардың бірі деп атаған еді. Сол бір алыстағы жылдары, Отаныңыздың рухани жаңғыру кезеңінде, епархия хатшысы қызметінде өзіңізді көреген жетекші, мықты әрі еңбекқор басшы ретінде таныта білдіңіз.

Сіздің қызметіңіз Қазақстан Республикасындағы мәдениет пен өнердің дамуы үшін маңызды мәнге ие. Митрополиттік округ хорын басқара отырып, Сіз шіркеулік музыкалық дәстүрлердің сұлулығы мен ұлылығын танытып қана қоймай, мәдени диалогтың дамуына және елдер мен халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуға да үлес қосып келесіз.

Сіз классикалық хор музыкасының көптеген жанашырларының құрметі мен ықыласына бөлендіңіз. XIX–XX ғасырлардағы көрнекті композиторлардың шіркеулік шығармаларын орындау арқылы Қазақстанның, Ресейдің, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің көптеген қалаларындағы көрермендерге рухани музыка жауһарларымен танысуға мүмкіндік бердіңіз. Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, шығармашылық ізденістеріңізді жалғастырып, түрлі музыкалық жобаларға қатысып, рухани және зайырлы ән өнерінің үздік үлгілері жазылған альбомдар шығарып жүргеніңіз қуантады.

Сізді көктегі қамқоршыңыздың күнімен құттықтай отырып, өзіңіз басқаратын хор ұжымы Қазақстан жерінде «Киелі Рухтағы әділдік, бейбітшілік және қуаныш» (Рим. 14:17) туралы ізгі хабарды одан әрі жалғастыра беруін тілеймін.

Раббымыз әулие, тақуа кнәз Олег Брянскийдің дұғалары және еліміздің кең-байтақ жерінде жарқыраған жаңа шейіттер мен дін жолындағы азап шегушілердің шапағаты арқылы Сізге шығармашылық ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық беріп, шіркеулік және классикалық музыка өнері саласында әлі де көптеген жылдар бойы Құдайға және адамдарға қызмет етуіңізге нәсіп етсін!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді