ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
22.11.2024, 11:50

Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың «Қазақстан жерінің ағартушысы Әулие Cофониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сөйлеген сөзі.

Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың «Қазақстан жерінің ағартушысы Әулие Cофониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сөйлеген сөзі.

Ардақты әкелер, қымбатты аға-әпкелер!

«Қазақстан жерінің ағартушысы Әулие Cофониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары» халықаралық ғылыми конференциясының қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деймін.

Көптен келе жатқан дәстүр бойынша бұл Қазақстан православие шіркеуінің негізгі ғылыми-танымдық іс-шарасы болып табылады, оның жұмысы Алматы православиелік діни семинариясының жетекшілігімен жүзеге асырылады және Халықаралық Рождестволық оқулардың аймақтық кезең ретінде өткізіледі.Биылғы жылы конференциямыз өз атауын жаңартты. Енді ол Түркістан епархиясының тұңғыш архипастары, Ұлы Дала елінің елшісі, XIX ғасырдағы көрнекті рухани ағартушы және тақуа - архиепископ Софонидың (Сокольский) есімімен аталатын болады. Бұл шешім оның Орталық Азияда православие дінін орнату жолындағы қызметінің ерекше маңыздылығымен де, алдағы 2025 жылы біз атап өткелі отырған Әулие Софанияның туғанына 225 жыл толуымен де байланысты. Жақында Алматы семинариясының ғылыми мамандарымен мәңгі есте қалатын иерархтың нақты туған күні белгіленді. Табылған метрикалық кітапта болашақ архипастордың 1800 жылы 25 шілдеде (7 тамыз, жаңа стиль) дүниеге келгені көрсетілген.

Қазақстан Православие Шіркеуі үшін келе жатқан жылды белгілейтін айтулы күндер туралы айта отырып, Алматы және Қазақстан митрополиті, қасиетті діндар тақуа  Николайдың Иемізге қайтарылғанына 70 жылдығы және Алматы және Қазақстан митрополиті, тақуа Иосифтің  (Чернов) тынығуының 50 жылдығын еске түсіру қажет. Барлығымыз өткеннен өнеге алуымыз керек. Мәңгі есте қалатын діндарлар мен тақуалар ХХI ғасырда өмір сүріп жатқан адамдарға, бізге - сенімдегі беріктіктің, Мәсіхке деген сүйіспеншіліктің, Қасиетті Інжілдің ақиқаттарын қатаң ұстанудың, туған православиеге адалдықтың үлгісі болуы керек.

Келе жатқан жылдың ерекше мерекесі Қазақстан, Ресей, Беларусь халықтары  және басқа да тарихи өткенімен біріктірілген көршілес елдердің халықтары үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту болмақ. Қаңтар айында Мәскеуде өтетін Халықаралық Рождестволық оқулар аясында өтетін іс-шаралар «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: ұрпақтардың естелігі және рухани тәжірибесі» атты ортақ тақырыпта біріктірілген.

Жеңіс тақырыбы біздің өмірімізде ерекше орын алады және ізгі ниетті миллиондаған адамдардың естерінде сақталады. Уақыт тоқтаусыз ілгері жылжуда және жыл сайын бізде сол қорқынышты оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері азайып барады, ал Екінші дүниежүзілік соғыс туралы жалған ақпарат барған сайын көбейіп келеді. Ұлтшылдық обаны жеңудегі халқымыздың ерлігінің маңызын қайта қарауға арналған қуланған үндеулерді жиі естуге болады. Біз, жеңімпаздардың ұрпақтары мен ізбасарлары, сол кезеңдегі оқиғалар туралы шындықты сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге, тарихты қайта жазу мен бұрмалауға табанды әрекеттерге қарсы тұруға міндеттіміз. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деді: «Қазір көптеген мемлекетте өткен күннің елеулі оқиғаларына қатысты көзқарастар ақпараттық және саяси ойынның құралына айналып барады. Екінші дүниежүзілік соғыс ескі шежіреге айналған сайын тарихи және әскери тақырыптағы алып-қашпа аңыз әңгімелер көбейе түсті. Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды».

1941 жылы 22 маусымда ұлтшылдық Германияның әскерлері Отанымызға опасыздықпен басып кірді. Сол қайғылы сәтте Патриархтық Тақ Басшысының уақытша м.а. митрополит Сергий (Страгородский) өз қауымына жолдау айтып, отандастарын басқыншыларға қарсы тұруға шақырды: «Православиелік христиандық жауларының аянышты ұрпақтары халқымызды өтіріктің алдында тағы да тізе бүктіруге әрекет жасағысы келеді. Құдайдың қолдауымен бұл жолы да ол фашистік жау күшінің күлін көкке ұшырады. Халқы мен Отаны үшін жанын қиған қасиетті көшбасшылар – Александр Невскийді, Дмитрий Донскойды еске алайық... Біздің православие шіркеуі қашанда халықтың тағдырымен бөлісті. Ол онымен бірге сынақтарға түсті және оның жетістіктерінен жұбаныш тапты. Ол қазір де халқын тастап кетпейді. Ол келешек бүкілұлттық ерлікке көк батасын береді». Соғыстың басынан бастап, қайғылы оқиғаның алғашқы күнінен бастап шіркеу барлық адамдарды, елдің барлық азаматтарын - тек майдандарда соғысқандарды ғана емес, сонымен бірге тылда еңбек еткендерді де Жеңіске жету үшін белсенді болуға шақырды. Халықтың отансүйгіштікке баулу әрқашан рухани өрлеумен қатар жүрді. Ғасырлар бойы православие адамдарға рухани күш беріп, оларды евангелиялық қасиеттердің идеалдарымен шабыттандырды. Сенімнің арқасында халық ерлік пен жанқиярлыққа, батылдық пен құрбандық сүйіспеншілігіне ие болды. Жанның осынау асыл қасиеттері Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерін қорғаушылар мен тыл еңбеккерлерінің бойында барынша айқын көрінді. Халықтың ынтымағы, бірлігі, рухани тамырына қайта оралуы Жеңістің қайнар көзі, берік іргетасы болды.

Жеңіс күні біздің ортақ тарихи Отанымыздағы ең айтулы оқиғалардың бірі. Бұл біздің бірлігімізді сезінуге көмектеседі және тарихты еске түсіруге, бүгінді талдауға және, әрине, болашақ туралы ойлауға тамаша мүмкіндік береді. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл былай дейді: «Біз өзімізді саналы түрде бағалай білгенде ғана, біз тарих сабақтарын дұрыс үйреніп, әкелеріміз бен аталарымыздан мұра болып  қалған рухани және мәдени құндылықтарды лайықты түрде сақтай аламыз деген үміт бар». Жеңіс ұлтшылдыққа  қарсы иық тіресе күресіп, өмірі мен бостандығын қорғаған халықтардың достық байланысын нығайта түсті. Ал бүгінгі таңда ерлердің ұлы мұрасын сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу жолында күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет.

Конференциямыздың мақсатының бірі – Ұлы Жеңіс мұрасы мен салихалы бабаларымыздың, рухани ұстаздарымыз бен тәлімгерлеріміздің ерліктерін өзектілендіру. Кездесулеріміз бен іс-шараларымыз аясында белгілі бір мәселелерді талқылаған сайын біз оларды құнды мазмұнмен толықтыруға, біз үшін маңызды тақырыптарға жаңа мағына беруге, ең бастысы, алдымызда тұрған мәселелерді шешуде ілгерілеуге қол жеткізуге ұмтыламыз.

Өткеннің сабақтары бізді Мәсіхтің өсиеттеріне адалдығымыз үшін өзімізді сынауға, жан-дүниемізді тақуалық үлгілермен нығайтуға, рухани жаңғыру және шіркеу өмірін дамыту саласында тынымсыз жұмыс істеуге және алыс және жақын адамдарға Мәсіхтің Ақиқат Сөзін уағыздауға шақырады.

XXII Алматы православиелік оқулары Митрополиттік округтің рухани өміріндегі айтулы оқиғаға айналады және Қазақстанның православие шіркеуінің алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге ықпал етеді деп сенемін.

Оқуларға қатысушыларға табысты және жемісті жұмыс тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді