31 желтоқсан 2024 жыл. Қазақстан православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады:
Құрметті Муфтий Хазірет!
Сізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы және Бас мүфти қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Православиелік христиандар мен мұсылмандар бүгінде қоғамда дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды, бейбітшілік мұраттарды, өзара сыйластық пен жақынға деген сүйіспеншілікті сақтау жауапкершілігін бөліседі.
Талай ғасырлар бойы Ұлы даланың кең байтақ жерінде ислам мен христиан дінін ұстанушылар бір-бірін қолдап, ел іргесін көтеріп, туған жерін қорғап, болашаққа ортақ жоспар құрып, тату-тәтті өмір сүрді. Алла тағала киелі Қазақстан жерінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің сақталып, дами беруін нәсіп етсін.
Мемлекет басшысы, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Конфессияаралық келісім Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Біз өз елімізді әралуандылықтағы бірліктің іргелі қағидасы негізінде құрып, дамытып жатырмыз, сондықтан болашаққа сеніммен қараймыз» деп атап өтті.
Мен Қазақстан Православие Шіркеуі мен Республиканың мұсылмандары діни басқармасы арасында қалыптасқан жақсы қарым-қатынасты жоғары бағалаймын. Және алдағы уақытта да сақталып, жемісті дами береді деп сенемін.
Сізге зор денсаулық, амандық және жаңа жұмыс орнында берекелі табыс тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр