Жоғары мәртебелілер!
Құрметті әкелер, қымбатты бауырлар, Қазақстан жерінің тұрғындары!
Бүгінде бізге Иеміз Иса Мәсіхтің құдіретті және қасиетті күні келді - Давид қаласында Құтқарушы дүниеге келді (1 Тим. 3:16), адамзатқа ұлы тақуалық құпиясы ашылды: Құдай тәнде пайда болды. (1 Тим. 3:16).
Шіркеулердің күмбездерінің астына жиналып, мерекелік ғибадат ету іс-шарасына қатыса отырып, біз Бетлехемге ойша саяхат жасаймыз және толқумен ой жүгіртеміз «Аспан - ұя, херувим тағы - Бикешке, оттық - Мәсіх Құдай жатқан орын». Бұл мереке Аспан мен жерді, көрінетін және көрінбейтін әлемді біріктіреді.
Ізгі хабаршы жариялайды - Бетлехемнен адамзатқа «үлкен қуаныш» келді(Лк. 2:10). Бірақ нақты қайсысы? Әкенің мәңгілік Сөзі, шексіз және құдіретті Жаратушы біздің арамызда орнықты, Ол тән болып, бізбен бірге өмір сүрді (Ин 1:14), жер бетіндегі тарихтың бүкіл бағытын өзгертті. Құдайдың Нәрестесінің дүниеге келуі арқылы адамдарға бұл дүниенің өткінші бақыты және бос ойын-сауықтың ләззаты емес, шынайы ұлы қуаныш әкелінді: бұдан былай біз - Құдайдың балаларымыз (Рим. 8:16). Жаратқан Иенің Өзін сүйетіндерге берген уәделері қандай мағыналы және маңызды: «Сендерді жетім қалдырмаймын» (Ин. 14:18), «Мен әрқашан заманның соңына дейін сендермен біргемін» (Мф. 28:20). Шынында, қазір және мәңгі - Құдай бізбен бірге! Иса Пайғамбардың туған күнін тойлай отырып, Құдайдың балаларының қадір-қасиетін жоғалтқан күнаһарлар қайта дұрысталып, жердегі үмітін тауып, Көктегі Құдаймен шексіз бақытты қарым-қатынаста болуы үшін біз санамыз бен жүрегімізде Құдай Ұлының нағыз Адам болғаны туралы Ізгі хабарды жаңартамыз. Жаңа туған Құдай-нәрестені діни жырларымен және шіркеу әндерімен дәріптей отырып, біз Құдайдың дүниедегі бірде-бір адамды ұмытпағанына немесе тастап кетпегеніне куәлік етеміз, өйткені Ол біздің әлсіздігімізді Өз мойнына алып, ауруымызды көтерген (Ис. 53:4), Кім көзіндегі әрбір жасты сүртсе, бұдан былай жоқтау да, жылау да, ауырсыну да болмайды (Откр. 21:4). Құтқарушының жердегі бүкіл өмірі адамның мұң-мұқтажына деген сүйіспеншілік пен мейірімділік, оның күнделікті қиындықтары мен қажеттіліктеріне жанашырлық таныту болды.
Дүниеде пайда болған Иеміз адамдарға Өзінің баға жетпес сыйын – күнәлардың кешірілуін ашты. Қасиетті Жер бетін қаладан қалаға, ауылдан ауылға аралаған Мәсіх тәубе етушілердің шынайы сеніміне жауап ретінде әкелік жылы сөздерін айтты: «Балам! Күнәларың кешірілді» (Мф. 9:2). Ол зұлымдықтан арылғысы келетін әрбір адам мойынсұнып, шын сұрағанда оның жанына тыныштық беріп және оның жүрегіндегі қараңғы күнәларды тазартып, бұрынғы күнәларының кешіріліп, рақымға бөлейтін бұл кешірім сыйын өзінің Қасиетті Шіркеуінде қалдырды. Бүгінгі мереке тағы бір үлкен қасиетті сыйдың айғағы. Біз Евхаристияның киелі рәсімінде бейнеленген Құдайды кездестірген сайын және Мәсіхтің өмір беретін құпияларынан дәм тату арқылы біз онымен бірігеміз.
«Ең биіктегі Құдайға мадақтаулар болсын, жер бетінде тыныштық болсын» (Лк. 2:14), бұл сөздерді періштелер әндетіп, бетлехемдік кішіпейіл шіркеу қызметшілеріне Мәсіхтің туылғаны туралы хабарлаған. Құтқарушының туған күні мерекесінде біз Құдайды мадақтап, бүкіл әлемде бейбітшілік үшін дұға етіп, көктегі тәнсіз күштердің хорымен дауысымызды біріктіреміз.
Жаратқан Иенің дүниеде пайда болуының жарқын және қуанышты мерекесі - Жаратушымыз бен жақынымызды шынайы сүюді, осы әлемді, тым болмағанда Құдай біздің жердегі өмір сүруімізді белгілеген жерді жылыту жылытудың қажеттілігін еске салады. Айналамызға қарап, Мәсіх бүгін бізге мұқтаждықпен жіберген адамдарға мұқият болайық. Әркім өз орнында адал және жауапкершілікпен, христиан ретінде жасау керек істі істесін, сонда адамдар біздің игі істерімізді көріп, көктегі Әкемізді мадақтасын (Мф. 5:16). Құдайдың Інжілін сөзбен емес, жоғары жауапкершілік таныта отырып, іспен ұстанатын уақыт келді. Апостолдық ескерту мүмкіндігінше қатты және қатаң естілетін уақыт: «Рухсыз дене өлі болса, іссіз сенім де өлі» (Иак. 2:26). Оттықта жатқан Раббымызға мақтаулар мен мадақтармен бірге әрбіріміз өз жүрегімізден бір жақсылық әкелейік.
Дүниеге келген Құдай-нәресте Мәсіх Қазақстан халқына тыныштық, бірлік пен береке сыйлап, баршамызға денсаулық берсін, жүрегімізде иман нығая берсін, үміт сөнбесін, махаббат арта берсін. Барша қазақстандықтарды Иса Мәсіхтің туған күнімен және Жаңа жаспен шын жүректен құттықтаймын.
Мәсіх дүниеге келді - мадақтаңыздар!
Көктен келген Мәсіх – қарсы алыңыздар!
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр