ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 17-тарау, 26-37-тармақтар)

gospel image
Және Нұхтың күндеріндегідей, Адам Баласының күндерінде де солай болады:
Нұх кемеге кіргенге дейін жеді, ішті, үйленді, тұрмысқа шықты, және ол кірген соң топан су басып, бәрін жойды.
Лоттың күндерінде де солай болды: жеді, ішті, сатып алды, сатты, отырғызды, құрылыс салды;
бірақ Лот Содомнан шыққан күні аспаннан жалынды және күкіртті жаңбыр жауып, бәрін жойды;
Адам Баласы келген күні де солай болады.
Сол күні шатырда біреу болса, ал оның заттары үйде болса, оларды алуға бармаңдар; және далада біреу болса, артқа бұрылмаңдар.
Лоттың әйелін еске түсіріңдер.
Кім өз жанын сақтап қалса, онда одан айырылады; және кім оны құртса, ол оны жандандырады.
Менің сендерге айтарым: сол түні екеуі бір төсекте болады: біреуі алынатын болады, екіншісі қалатын болады;
екеуі бірге ұнтақтайтын болады: біреуі алынады, ал екіншісі қалады;
екеуі далада бірге болады: біреуі алынады, екіншісі қалады.
Осы жайлы Одан: қайда жерде, Ием?- деп сұрады. Ол оларға жауап бере: өлік қайда болса, бүркіттер де сонда жиналады, — деді.
Сілтеме көшірілді