Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді.
Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді.
Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады.
Сонда қызметшілері егіндіктің иесіне келіп:— Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Онда бидайық қайдан шыққан? — деп сұрайды.
Ол:— Мұны істеген дұшпан кісі, — деп түсіндіреді.— Ендеше біздің сонда барып, отап тастауымызды қалайсыз ба?
— Жоқ, — деп жауап береді қожайын, — сендер бидайықты отаймыз деп, бидайды бірге жұлып тастарсыңдар.
Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап, қамбама құйыңдар! — деп бұйырамын».
Митрополиттік округтің Басшысы алматылық храмда Қасиетті Құдай Анасының Соборы құрметіне арналған престолдық салтанатты басқарды
Толығырақ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаев Митрополиттік округтің Басшысын Рождество мерекесімен құттықтады
Толығырақ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.
Толығырақ