ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Варнава (Сафонов)

Варнава (Сафонов)

Павлодар және Екібастұз архипескопы

Туған жылы:

21 ақпан 1957 ж.

Тағайындалған күні:

14 қараша 2010 ж.

Тонсур рәсімі күні:

28 ақпан 1980 ж.

Періште күні:

24 маусым

Павлодар және Екібастұз архипескопы, Варнава  (Сафонов Василий Алексеевич)  1957 жылы 21 ақпанда Волгоград облысы Урюпин ауданы Троицкий қыстағында жұмысшы отбасында дүниеге келді.

1972-1974 жылдары Урюпинск қаласындағы СПТУ-1-де оқыды. 1975-1977 жылдары Қарулы Күштер қатарында әскери қызметін өткерді.

1977-1978 жылдары Приморск өлкесінің Находка қаласында балық аулау флотында жұмыс істеді.

1978-1981 жылдары Мәскеу теологиялық семинариясында оқыды. 1981-1985 жылдары Мәскеу теологиялық академиясында оқыды. «Діни секуляризм  феномені» тақырыбында  кандидаттық диссертациясын қорғады.

1979 жылы 2 қарашада ол Троица-Сергиев лаврасына  мойынсұнушы болып қабылданды.

1980 жылы 28 ақпанда Троица-Сергиев лаврасының наменгері архимандрит Иероним (Зиновьев) Варнава атымен оған шаш қию рәсімін жасады.

1980 жылы 20 шілдеде архиепископ Дмитров Владимир (Сабодан) оны иеродиакон дәрежесіне тағайындады, 1982 жылы 14 наурызда архиепископ Владимир (Сабодан) иеромонах етіп тағайындады.

1987 жылы 4 сәуірде игумен дәрежесіне көтерілді.

1988 -1991 жылдары ол Оптина және Әулие Данил монастырінде мойынсұнушы болды. 1990 жылы 10 қаңтарда ол Әулие Данил монастырінің шаруашылықты басқарушысымен қатар архимандрит дәрежесіне көтерілді.

1991 жылдың 1 сәуірінде Темников қаласының Санаксарск ерлер епархиясының Рождество-Богородичный  Санаксарск ерлер монастырінің билеуші өкілі болып тағайындалды.

2010 жылғы 6 қазандағы Қасиетті Синодтың шешімімен (№97 журнал) Павлодар және Өскемен Жоғары Мәртебелісі болып сайланды.

2010 жылы 14 қарашада Мәскеудегі Құтқарушы Мәсіх соборында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл және көптеген архипасторлар оны епископ етіп тағайындады.

2022 ж. 6 мамырда Мәскеудегі Құтқарушы Мәсіх соборындағы Литургия кезінде Патриарх Кирилл оны архиепископ дәрежесіне көтерді.

Шіркеу марапаттары:

  • 1997 ж. – ІІІ дәрежелі қасиетті кнәз Владимир ордені;
  • 2001 ж. – ІІІ дәрежелі қасиетті Сергий Радонежск ордені;
  • 2005 ж. – ІІІ дәрежелі қасиетті Серафим Саровский ордені;
  • 2012 ж. – ІІ дәрежелі қасиетті Серафим Саровский ордені;
  • 2012 ж. –«Алгыс» («Благодарность») ордені;
  • 2012 ж. – «Түркістан епархиясының құрылғанына 140 жыл» медалі;
  • 2013 ж. – Қазақстан Митрополиттік округіне  10 жыл толуына арналған медалі;
  • 2013 г. – І дәрежелі тақуа Феодор Ушаков медалі;
  • 2015 г. – апостолдарға тең ұлы кнәз Владимирдің 1000 жылдығына арналған медалі;
  • 2015 г. – «Ынталы кызметi үшiн» («За усердное служение») ордені;
  • 2017 г. – ІІІ дәрежелі әулие Иннокентия Московский ордені;
  • 2017 г. – қасиетті шейіт Серафим және Феогност ордені;
  • 2017 г. – Түркістан епархиясының құрылғанына 140 жыл медалі;

Зайырлы марапаттары:

  • 2000 ж. –Достық мемлекеттік ордені;
  • 2007 ж. – Мордовия Республикасы басшысының құрмет грамотасы;
  • 2013 ж. – II дәрежелі «Ресей Әскери-теңіз күштерінің даңқы үшін» ордені.
Сілтеме көшірілді