ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
12.12.2024, 22:10

Митрополиттік округ басшысы Астана және Алматы епархиясының епархиялық кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді

Митрополиттік  округ басшысы Астана және Алматы епархиясының епархиялық кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді

12 желтоқсан 2024 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана-Алматы епархиясының епархиялық кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.

Отырысқа қатысқандар:

– епархия кеңесінің мүшелері: Қазақстан митрополиттік округінің істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий және Талғар епископы Вениамин; Алматы приходтарының құрметті өкілі, Никольск соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Қарамышев); Қазақстан Митрополиттік округінің діни білім және катехезис  бөлімінің төрағасы, Оңтүстік астананың Покровский шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Бобылев; Алматы теологиялық семинариясының ректоры м.а., Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; Митополиттік  округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, епархия кеңесінің хатшысы, протоиерей Александр Суворов; Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралы соборының діни қызметкері протоиерей Александр Иевлев; Алматы епархиясының ағартушылық қызметі комиссиясының жетекшісі, Шамалған станциясының Владимирский шіркеуінің басшысы протоиерей Сергий Казимиров; Митрополиттік округтік қайырымдылық және әлеуметтік қызмет көрсету комиссиясының басшысы протоиерей Вячеслав Пугачев; Астанадағы Успен кафедралы соборының кілтшісі протоиерей Дмитрий Байдек; Константин-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев;

– епархия сотының мүшелері: Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы епархиясының конфессері архимандрит Иоанн (Сазонов); Іле шіркеуі округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Алматы Космо-Дамиановский шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Чистяков.

Отырысқа  сонымен қатар Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников қатысты.

Митрополит Александр епархиялық кеңестің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, 2025 жылы атап өтілетін негізгі есте қаларлық күндерді атап өтті: Қазақстан Митрополиттік округінің канондық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл; Қазақстан жерінің бірінші иерархы архиепископ Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл; Алматы және Қазақстан митрополиті қасиетті діндар Николайдың қайтарылуына  70 жыл және жәдігерліктерінің ашылғанына 25 жыл; Сенімді мойындаушы және тақуа Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифтің (Чернов) қайтарылуына  50 жыл.

Митропооиттік  округ басшысы епархияда өтетін рухани-ағартушылық, ғылыми-танымдық және мәдени сипаттағы жоспарланған іс-шаралардың тізімін оқыды.

Есте қаларлық күндерлі  мерекелеу аясында Астана және Алматы қалаларында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, хор және шығармашылық ұжымдардың концерттері, фотокөрмелер өтеді. Епархия бөлімдері мен комиссияларының басшыларына мерекеге дайындық бойынша тапсырмалар берілді.

Жиналыс жұмысы барысында епархия Жарғысына сәйкес епархия кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, епархия бөлімдерінің жаңа басшылары тағайындалды:

  • Шіркеу жәдігерлері мен тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы епархиясының жауапты тұлғасы болып иерей Георгий Сидоров бекітілді;

  • Қарулы күштермен байланыс бөлімі төрағасының міндетін атқарушы болып протоиерей Александр Суворов тағайындалды;

  • әулиелерді заңдастыру жөніндегі епархия бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып диакон Роман Караман тағайындалды;

  • жастардың қызмет ету  жөніндегі епархиялық комиссияның төрағасы болып иерей Георгий Рублинский бекітілді.

Жоғары Мәртебелі епархия бөлімдерінің жаңадан тағайындалған басшыларын құттықтап, оларға мойынсұнушылықтарын орындауда Құдайдан жәрдем тіледі.

Кеңес мүшелері алдағы епархия жиналысының күн тәртібін бекітті және хатшы етіп иеромонах Прохорды (Ендовицкий) тағайындауды ұсынды.

Жиналыс барысында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы кездесуге қатысушыларға әлеуметтік желілерде приходтар мен епархия бөлімдерінің қатысуын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Отырыс соңында митрополит Александр жиналғандарға алғыс айтып, барлығына архипасторлық батасын берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді