13 желтоқсан 2024 жыл. Алматы. Әулие апостол Андрей Первозванныйды еске алу күні Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысына сәйкес Иверско-Серафим әйелдер монастырінің София соборында Қазақстан митрополиттік округінің Астана және Алматы епархиясы діни қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті.
Жиналыс алдында Вознесенский кафедралы соборында Астана және Қазақстан митрополиті Александр епархия дінбасылары қызмет етуімен өткізген құдайлық Литургия жасалды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың төрағалығымен өткен жыл сайынғы епархиялық жиналысқа қатысқандар: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғарлық епископы Вениамин; епархия кеңесінің мүшелері, епархия бөлімдерінің өкілдері, төрағалары мен хатшылары, епархия комиссияларының хатшылары, монастырлар мен приходтардың басшылары, олардың көмекшілері, кілтшілер; Митрополиттік округтің хатшысы О.Н. Овчинников, приход кеңестерінің мүшелері, епархия басқармасының қызметкерлері.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр дін қызметкерлері мен дін қауымы алдында кетер жылдың қорытындысы туралы баяндама жасады.
Билеуші митрополит дінбасылар мен приходтардың саны; орындалған қызметтердің саны, тағайындаулар мен монастырлық тонсуралар; жаңа шіркеулер құрылысы туралы статистикалық мәліметтерді ұсынды. Архипастор жиналғандарға епархия өміріндегі 2024 жылғы басты оқиғаларды еске салды: «Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан православие шіркеуі өміріндегі бірнеше маңызды тарихи күндермен есте қалды. Оларлың ішіндегі ең бастысы – Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуы.
Мерекелеу кезінде Астана мен Алматыда салтанатты рәсімдер мен іс-шаралар өтті, оларға Ресейден, Беларусьтен, Өзбекстаннан және Сингапурдан келген архипастор-қонақтар қатысты. Атаулы мерейтой Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстанға ең қасиетті Құдай Анасының «Емші» ғажайып белгішесі және Мәскеудің қасиетті Матрона жәдігерліктері мен шапандарының бір бөлігі салынған кемені әкелінуімен қасиетті етілді.
Күн сайын таңнан кешке дейін және түнде де рухани жұбаныш пен күш-қуат алу үшін қасиеттілерге дұға еткен
қажылар саны үздіксіз ағынмен жүрді».
Митрополиттік округ басшысының айтуынша, Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына арналған айтулы іс-шаралардың ішінде шіркеу музыка өнері саласында еңбектенушілер – регенттер мен әншілердің II Cъезі ерекше орын алады. «Халықаралық форум аясында Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан митрополиттік округінің хор жетекшісі, шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі Олег Николаевич Овчинников пен белгілі ән топтарымен жұмыс істеудің әртүрлі аспектілеріне арналған шіркеу хорының жетекшілерінің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Мұндай шараларды өткізу Қазақстанның музыка өнерін дамытуға, халқымыздың мәдени-тарихи мұрасын насихаттауға және ән өнерінің әділетсіз ұмыт болған дәстүрлерін жаңғыртуға ықпал етеді», - деп атап өтті билеуші.
Митрополит Александр жиналғандарға Қазақстан Православие Шіркеуінің өмірі туралы баяндайтын «Қызмет ету» деректі фильмінің премьерасы туралы айтып берді. «Фильмде рухани-ағартушылық, әлеуметтік, қайырымдылық және бітімгершілік қызметі, конфессияаралық диалог және еліміздегі Шіркеудің мемлекет және қоғаммен байланысы туралы ақпарат берілген.
Фильмде XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тақырыбы да қозғалып, республика аумағында жер аударылып, лагерьлерде жүрген жазықсыз адамдарға қазақ халқының көрсеткен көмегі туралы айтылады. «Радонеж» халықаралық фестивалінің лауреаты атанған «Қызмет ету» фильмі «Апостол» қорының бастамасымен және қолдауымен Қазақстанның барлық дерлік қалаларында көрсетілді».
Баяндаманың ерекше тақырыбы – Алматы епархиясында монастірдағылар үшін теология саласындағы оқыту курстары мен “православие әйелдер одағының”облыстық филиалының құрылуы туралы хабарламасы болды. Иерарх Қасиетті Патриарх Кириллдің Мәскеудегі Данилов монастырындағы Патриарх резиденциясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен кездесуіне қатысудан алған әсерімен бөлісті.
Митрополит Александр өз сөзінде жиналғандарды келе жатқан 2025 жылда белгіленетін айтулы есте қаларлық күндер – Қазақстан Митрополиттік округінің канондық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл; Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифтің (Чернов) 50 жылдығы; Түркістан епархиясының тұңғыш архипасторы, Ұлы дала елшісі – архиепископ Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл; Алматы мен Қазақстанның митрополиті, қасиетті конфессор Николайдың тынығуына 70 жыл және оның құрметті жәдігерліктерінің ашылғанына 25 жыл; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы туралы хабардар етті.
Митрополиттік округтің басшысы викарлық епископтарына, епархия кеңесінің мүшелеріне, епархия бөлімдері мен комиссияларының басшыларына мен өкілдеріне өткен жылы атқарған жұмыстары үшін және приход дінбасыларына пасторлық еңбектері үшін алғыс білдірді.
Жиналыс соңында митрополит Александр барлық жиналғандарға ақ батасын беріп, келе жатқан м
Мәсіхтің Рождество және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Жиналғандар атынан Қаскелең епископы Геннадий Қазақстан Митрополиттік округінің басшысына архипасторлық еңбегі үшін алғыс білдірді.
Жиналыс соңында Қазақстан Митрополиті округінің баспа бөлімі дайындаған «Орталық Азиядағы христиандық» кітабының тұсаукесері болды.
Барлық қатысушыларға сыйға: Митрополит округінің 2025 жылға арналған православие шіркеуінің күнтізбесі, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық жолдауы және «Орталық Азиядағы христиандық» жаңа кітабы тартылды.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр