ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
30.08.2024, 20:00

Петропавл және Булаевск архиепископы Владимир жаңа оқу жылының алдында дұға жасады

Петропавл және Булаевск архиепископы Владимир жаңа оқу жылының алдында дұға жасады

30 тамыз 2024 жыл. Петропавл. Петропавл және Булаевск архиепископы Владимир жаңа оқу жылы басталар алдында Вознесенск шіркеуінде  дұға жасады.

Архипасторға қызмет еткендер: Петропавл епархиясының хатшысы протоиерей Сергий Первушин, шіркеудің клириктері иеромонах Серафим (Максимов), иерей Максим Абдулхасанов, шіркеу экономы диакон Владимир Бартоль.

Ғибадат ету барысында дұға еткендер: қалалық жоғары және орта оқу орындарының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары, қасиетті Сергий Радонежский  атындағы гимназия оқушылары және ұстаздары.

Дұға ету барысында білім алушыларға барлық игі және пайдалы білімді меңгеруде ақыл, даналық, күш пен қуат беруін деп сұрады.

Салтанатты шараның соңында архиепископ Владимир жиналғандарға ақ тілегін жаудырып, жастарға Құдайдың қолдауы мен алдағы оқу жылында толағай табыстар тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді