18 желтоқсан 2024 жыл. Мәскеу. Данилов монастырындағы Патриархалдық және Синодтық резиденциясында Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Мәскеу Патриархатының істері Басшысы Воскресенский митрополиті Григориймен кездесуі өтті.
Сәлемдескеннен кейін, митрополит Александр билеуші Григорийге рухани маңызды күн – Астана және Алматы епархиясының Респубика аумағында құрылғана 25 жыл толуын тойлап жатқан Қазақстан Православие Шіркеуінің өміріндегі басты оқиғалар туралы айтып берді.
Митрополиттік округ басшысы тарихи күнге орай Қазақстанға қасиетті Матронаның жәдігерліктерінің бір бөлігі мен шапанын әкелуге батасын берген Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллге алғысын білдірді.
Билеуші Александр Республиканың бас қаласы – Астанаға, Оңтүстік астана сы – Алматыға, еліміздің ірі облыс орталықтары мен қалаларына аралаған жәдігерліктерге қысқа мерзімде, рухани жұбаныш, сенімді нығайту және қолдау іздеген 300 мыңнан астам адам тағзым еткенін хабарлады.
Митрополит Александр Мәскеу Патриархатының істері Басшысымен алдағы 2025 жылдың тарихи күндерге - Митрополит Иосифтың (Чернов) өмірден өткеніне 50 жылдығына, қасиетті діни қызметкер Николай (Могилевский) Құдайға қайтарылғанына 70 жылдығына, Николай (Могилевский), Алматы және Қазақстан митрополиті, Түркістан епархиясының бірінші архипасторы-Софония (Сокольский) архиепископының туғанына 225 жылдығына арналуына орай шіркеулік-қоғамдық іс-шаралар жоспарымен бөлісті.
Қазақстан Митрополиттік округ басшысы әңгімелесушіге қасиетті еске алу күндері қарсаңында Оңтүстік астанада митрополиттер Николай мен Иосифке арналған мемориалдық кешен құру туралы шешім қабылданғанын және қазіргі уақытта бұл бағытта үлкен жұмыс жүріп жатқанын, ақсақал-әулиелер өмір сүрген және жұмыс істеген, олар ғибадат етіп, уағыздарын жазған, адамдармен рухани сұхбаттар жүргізген тарихи ғимараттар қалпына келтіріліп жатқанын айтты.
Екі тарапты да қызықтыратын кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Әңгімелесушілер Қазақстандағы шіркеу-мемлекеттік қарым-қатынасы және конфессияаралық диалог тақырыптарын, сонымен қатар Митрополит округінде рухани білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында архипасторлар бір-біріне денсаулық пен шіркеу жұмысында Алланың рақымын тілеп, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр