ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
19.12.2024, 15:00

Әулие Николай Чудотворецті еске алу күні. Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді

Әулие Николай Чудотворецті еске алу күні. Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
19 желтоқсан 2024 жылы – Мир Ликийский архиепископы, Николайды Чудотворцті алу күні.
 
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігі -   Патриархалдық қоналқалық үйіндегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София есіміне арналған шіркеуде Құдайлық Литургияны өткізді.
 
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы православиелік теологиялық семинариясының ректоры м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София шіркеуінің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко); Лисаковск қаласындағы қасиетті әділ Иоанн Кронштадт атындағы шіркеуінің басшысы протоиерей Олег Калмыков, иеромонах Викторин (Асеев), иеромонах Даниил (Макагон); диакон Анатолий Леденев и диакон Роман Фролов.
 
Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады.
 
Ғибадат ету барысында Өкілдіктің қызметкерлері мен ғибадатхананың приходтары дұға жасады.
 
Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Евгений Иванов айтты.
 
Литургияның соңында Әулие Николайдың бейнесінің алдында мадақтау өтті, содан кейін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысына, Мәскеу және бүкіл Русьтің Патриархы Кириллге; Қазақстан митрополиттік округінің Басшысына, Қасиетті архипастырларына, дін қызметкерлеріне және дін қауымына; Қазақстан мен Ресей халықтарына, туған күн иелеріне көпжылдық ғұмыр бергей деп тілек айтылды.
 
Митрополит Александр дін қауымы мен приходтарды мерекелерімен құттықтап, уағызын айтты.
 
«Бүгін шіркеу күнтізбесінде бәріміздің ерекше сүйікті мерекеміз - біз Мир Ликийский архиепископы, Әулие Николайды дұға етіп, құрметпен еске аламыз. «иерарх Николай, жаратқан Ие сізді өз ғажайыптарымен тірі де, тыныштықтан кейін де мадақтайды», - деп Шіркеу Құдайдың осы ұлы әулиесін мадақтайды. Әулие Николайды тек православие әлемі ғана жақсы көрмейді. Оның есімі әртүрлі елдердегі көптеген халықтар арасында танымал. Оны әсіресе теңізшілер, саяхатшылар - қозғалыс қаупімен байланысты барлық адамдар құрметпен пір тұтады. Өйткені оған мұқтаж жандардың дұға-тілегін Алла тағына тез жеткізу үшін ерекше қасиет берілген. Және, бәлкім, бұл жерде өмірінде Әулие Николайдың есімін атамаған бірде-бір адам жоқ шығар. Біз оған қайғы-қасірет, ауру-сырқау, түрлі қиындықтар мен бұзылулар кезінде жиі жүгінеміз. Біз оның қасиетті дұғасының Құдайдың рақым тағының алдында қаншалықты күшті екенін білетіндіктен сұраймыз.
Жер бетінде өмір сүре отырып, әулие өзін адамдарға, Мәсіхтің шіркеуіне арнады, ол өзінің қызметін адал атқарды - диакондық, діни қызметкер, епископтық - әрқашан шынайы православиелік мойынсұнушылықтың жақсы үлгісін көрсетті. Ол өзінің адами қабілеттерін, дарындарын, күші мен уақытын, өмірін жан-тәнімен сүйген Мәсіхке арнады. Құдайға деген сүйіспеншілік ол үшін жақынына деген зор сүйіспеншіліктің қайнар көзі болды. Біз оның өмірін айтатын көптеген ғажайыптар туралы білеміз. Әулие қайғы-қасірет пен қиыншылық көргендердің барлығына көмек қолын созып, қиыншылық көргендер үшін дүға етіп, жазықсыздарды әділетсіз сот пен жазадан құтқарған және жақыныынң игілігі үшін және Мәсіхтің есімін ұлықтау үшін көптеген басқа да игі  істерді жасаған. Біз тропарионда Әулие Николайды, оған арналған қысқа әндерде «сенім ережесі және момындық үлгісі» деп атаймыз. Әулие Николайдың сенімі «ереже» деп аталады, яғни ол догматикалық тұрғыдан да өте дұрыс және мінсіз, дәл солай өзінің нақты істер мен әрекеттер арқылы көрінетін болмысы да адал және мінсіз. Оның өмірі, оның сенімі, момындығы мен тақуалығы біз үшін таңдану мен таңырқау үшін ғана емес, күнделікті өмірдегі ең тікелей бағдар болуы керек. Ол мейірімді, қарапайым және кішіпейіл евангелист діндар болды. Кез келген адам оған келіп, жұбаныш тауып, бірге дұға ете алатын болған. Сонымен бірге әулие Николай православиелік сенімге қатысты барлық нәрсені құлшыныспен жасап пен қатал ұстанатын, бірақ соған қарамастан ол өзінің қызметінде мейірімділік таныта білген. Ол ғасырлар бойы адамдардың жүрегінде жақсылық пен қамқорлық жасайтын, өзінен көмек сұраған әрбір адамды Алланың мейіріміне шақыратын қайырымды иерарх ретінде сақталды. Енді Көкте ол біздің жүрегімізде мызғымас сенім болуы үшін, Мәсіхтің ілімін дұрыс ұстанып, Қасиетті Православие Шіркеуінің ұл-қыздары болу үшін бәріміз үшін Құдайдан дұға етеді. Иеміздің атын шақыратын, Мәсіхке шын жүректен сенетін және Құтқарушыға ұмтылатындардың барлығына, тіпті оны әлі таппаған, шынайы сенімнің біліміне әлі де батылсыз қадамдар жасайтындарға Құдайдың мейірімінің есіктері ашық болсын». 
 
Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді