ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
23.12.2024, 20:55

Шымкент және Түркістан епархиясының діни қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті

Шымкент және Түркістан епархиясының діни қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті
6 желтоқсан 2024 жыл. Шымкент. Қазан шіркеуінде Шымкент және Түркістан епископы Хрисанфтың төрағалығымен Шымкент епархиясының епархиялық жиналысы өтті.
 
Жиналысқа қатысқандар: шіркеу округтерінің құрметті өкілдері, шіркеулердің басшылары мен клириктері, епархия бөлімдерінің басшылары және епархия басқармасының қызметкерлері.
 
Жиналыс басталмас бұрын епархия хатшысының міндетін атқарушы А.Б. Демин жиналысты жүргузудің уақыт тәртібі мен күн тәртібін жариялады.
 
Епархия басшысы жиналысты аша отырып, жиналғандарға алғы сөзін сөйледі. Келесі кезекте епископ Хрисанф жиналғандарға өткен жылдың қорытындысына жайында баяндамасын оқып, ағымдағы жылға арналған рухани-ағартушылық, әлеуметтік және жастарға арналған іс-шараларының жалпы жоспарын белгіледі.
 
Жұмыс барысында қатысушылар приходтық өмірді жандандыру, рухани тәрбиені дамыту қажеттігін атап өтті, 
сондай-ақ жексенбілік мектептердің қызметін, ғибадатханалар мен шіркеу ғимараттарын салу және қалпына келтіру мәселелерін талқылады.
 
Жиналыс соңында епископ Хрисанф епархия кеңесінің мүшелеріне, епархия бөлімшелерінің басшыларына, құрметті өкілдер мен басшыларға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді