24 желтоқсан 2024 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының тақ залында биылғы жылы жеке есте алу күндерін атап өтіп жатқан Алматы епархиясының дін қызметкерлері мен сенушілеріне шіркеу марапаттарын табыстау рәсімі өтті.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен марапаттау рәсімін Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан жүргізді.
Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; митрополиттің жеке хатшылығы меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.
Құттықтау сөзінен кейін епископ Клавдиан шіркеу марапаттарын табыс етті.
Алматы епархиясының игілігі жолындағы еңбектерін ескере отырып және атаулы күнге орай Қазақстан Митрополиттік округінің наградаларымен: Н.В. Коломойцев - Қарағанды қаласының қасиетті діндары Севастиан орденімен; А.Н. Ясаков пен Г.Н. Моисеев - Алматы митрополиті қасиетті діндар Николай медалімен; И.И. Савельев - Верненский және Семиреченский епископы Пимен медалімен; А.В. Стоян – «Еңбек үшін» медалімен (За труды); Н.В. Кононенко, О.Н. Леонидов, Е.В. Поспелов, Л.К. Давыдов, Е.Б. Делян, Т.Ю. Павлов, Т.Т. Самосенко, Т.Е. Бирюков, Л.Г. Абузаров, О.С. Радионов - киелі шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София медалімен марапатталды.
«Ынталы қызмет үшін» медалімен Мыңбаев ауылындағы Иоанно-Богословского шіркеуінің басшысы иерей Валерий Белясников марапатталды.
Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының игілігі жолындағы еңбектерін ескере отырып, шіркеу белгілерімен: - И.В. Нелепченко, А.И. Юртайкина, С.В. Санина, А.Г. Иванова, В.С. Алферова, А.Н. Патракеева, Д.Д. Пащенко; - киелі шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София медалімен, Л.В. Абраменко - «Еңбек үшін» орденімен марапатталды.
Шіркеу белгілерін табыстағаннан кейін иерарх марапатталғандарды құттықтап, оларға денсаулық, ұзақ өмір және Иеміздің мейіріміне бөленуді тіледі.
Марапатталғандардың атынан діни иерей Валерий Белясников епископ Клавдианға алғысын білдірді.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр