29 желтоқсан 2024 жыл. Мәскеу. Данилов монастырындағы Патриархтық және Синодтық резиденциясында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл мен Қазақстан Православ Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Митрополиттік округі қызметінің өзекті мәселелері, Республикадағы конфессияаралық диалогтың және шіркеу-мемлекеттік қатынастардың жай-күйі талқыланды.
Кездесудің тақырыптарының бірі ағымдағы жылдың 22 қарашасында Мәскеудегі Данилов монастыріндегі Патриархтық резиденцияда Жоғары Мәртебелінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен кездесуінің нәтижелерін талқылау болды. Жоғары Мәртебелі Орыс Православие Шіркеуі жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және халықаралық деңгейде рухани дипломатияны дамытуға атсалысатынын және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін Астанада өткізуін толық қолдайтынын атап өтті. Жоғары Мәртебелі Патриарх Кирилл Мәскеу Патриархаты мен Қазақстан басшылығы мен жалпы ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін, Республикадағы дамып келе жатқан шіркеу өмірін атап өтіп, Қазақстан мемлекетінің шіркеудің игі бастамаларын қолдайтынын ризашылықпен атап өтті.
Кездесу барысында 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің қатысу мәселелері талқыланды.
Митрополит Александр Ең қасиетті Құдай Анасының «Емші» ғажайып белгішесінің және қасиетті жәдігерлерліктердің бөлігі мен Мәскеудің қасиетті Матронасының шапанының Қазақстанға Астана епархиясының 25 жылдығын мерекелеуге орай әкелінуіне батасын берген Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллге алғысын айтты.
Митрополит билеушісі Жоғары Мәртебелімен алдағы 2025 жылдың тарихи күндері - Митрополит Иосифтың (Чернов) өмірден өткеніне 50 жылдығына, қасиетті діни қызметкер Николай (Могилевский) Құдайға қайтарылғанына 70 жылдығына, Николай (Могилевский), Алматы және Қазақстан митрополиті, Түркістан епархиясының бірінші архипасторы-Софония (Сокольский) архиепископының туғанына 225 жылдығына арналуына орай шіркеулік-қоғамдық іс-шаралар жоспарымен бөлісті.
Митрополит Александр Орыс Православие Шіркеуінің Басшына
айтулы күн – Қазақстан Митрополиттік округінің канондық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл толуына орай 2025 жылы жоспарланған рухани-ағартушылық және ғылыми сипаттағы бірқатар іс-шаралар туралы хабарлады.
Кездесу соңында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Митрополит Александрды келе жатқан Жаңа жылмен және Мәсіхтің Рождество мерекесімен құттықтап, митрополиттік округ архипастырларының, дінбасыларының, монастырларының және Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі діндарларының жұмысына Құдайдан батасын берді.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр