29 января 2024 года – Қасиетті Ата-бабалардың жұмалығы.
Петропавловск және Булаевск архиепископы Владимир ағымдағы жылдың сәуір айында орын алған бұрын-соңды болмаған су тасқынынан зардап шеккен ең жоғарғы апостолдар Петр мен Павелдің ежелгі соборына ұлы қасиетті ету рәсімін жасады.
Ұлы қасиетті рәсімде және құдайлық литургияда Жоғары Мәртебеліге қызмет еткенлер: епархия әкімшілігінің хатшысы протоиерей Сергий Первушин, апостолдар Петр мен Павел атындағы шіркеудің басшысы протоиерей Сергий Снопков, Петропавлдық қасиетті шейіт Мефодий атындағы шіркеуінің басшысы иерей Михаил Березин, Тайынша қаласындағы Құдай Анасының Покрова шіркеуінің басшысы иерей Константин Бартоль, Корнеевка ауылындағы Пантелеймон шіркеуінің басшысы иерей Александр Расхожев, иерей Сергий Сафонеев, иерей Максим Черненко, иерей Павел Орлов, диакон Владимир Бартоль, диакон Алексий Александрович.
О.Н.Прохоров және М.В. Богданова регенттері жетекшілігімен собор хорының литургиялық әндері орындалды.
Ұлы қасиетті рәсім кезінде дұға еткендер: собордың приходтары мен қайырымдылық көрсетушілері, Петропавл қаласының православие тұрғындары.
Литургия соңында қасиетті ата-бабаларды дәріптеу өтті, содан кейін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Құрметті архипастырларға, діни қызметкерлерге, монастырларға және Құдай қамқорлығындағы православие дін қауымына; Президентке, билікке, әскерилерге және барша Қазақстан халқына, бүгінгі туған күн иелеріне көпжылдық ғұмыр тіленді.
Жоғары Мәртебелі қайта жанданған шіркеудің басшысы- протоиерей Сергия Снопковқа және дұға етіп, қайырымдылық жасап, жеке атсалысу арқылы қасиетті жоғарғы елшілер Петр мен Павелге атындағы шіркеуді қалпына келтіруге көмектескендердің барлығына шын жүректен алғысын айтты.
Иерарх басшы Әкеге ұлы қасиетті ету Грамотасын табыс етті.
Архиепископ Владимир дін қызметкерлерін, приходтар мен қажыларды собордың және бүкіл Петр мен Павел епархиясының рухани өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтады, содан соң уағызын айтты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр