ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
31.12.2024, 12:30

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының 2024 жылғы қорытынды отырысы өтті

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының 2024 жылғы қорытынды отырысы өтті

30 желтоқсан 2024 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен биылғы Қазақстан Православие шіркеуі Синодының қорытынды отырысы өтті.

Қазақстан Митрополиттік округі Синодының құрамында болғандар: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Қарағанды ​​және Шахтинск архиепископы Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион, Петропавл және Булаевский архипескопы Владимир, Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин, Орал және Атырау епископы Вианор; құрметті мүшесі – архиепископ Антоний (Москаленко).

Жалпы дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы архипастырларға алғы сөзін айтып, күн тәртібін жариялады.

Синод жұмысын митрополит Александр Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік қайраткерлерімен, дипломатиялық миссиялардың басшылары: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевпен; Алматы қаласының әкімі Е. Досаевпен; Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесулері туралы баяндамасымен ашты.

Синод мүшелері Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен 2024 жылғы 22 қарашада Мәскеудегі Данилов монастыріндегі Патриархтық және Синодтық резиденцияның Тақ залында өткен кездесуінің маңыздылығын атап өтті.

Митрополиттік округ Синодының отырысында Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай қазақстандық епархияларда өткізілген рухани-ағартушылық іс-шаралардың қорытындысы шығарылды.

Митрополиттік округтің Басшысы иерархтарға өзінің Орал, Қостанай, Павлодар және Қарағанды ​​епархияларына барған сапарлары, оның барысында ғибадат ету атқарылғаны, Мәскеудің қасиетті Матронасының жәдігерліктерін әкелінуі, дін қызметкерлерімен және діндарлармен, аймақтың атқарушы билік органдарының басшыларымен кездесулер туралы айтып берді.

Митрополит Александр Синод мүшелеріне Оңтүстік астанада «Түркістан архиепископы, Жетісудың ағартушысы, әулие Соофониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Қазақстан митрополиттік округінің хор жетекшілеріне арналған «Қазақстанның Православие Шіркеуіндегі регенттық қызмет. Шеберлікке жол» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және «Жібек жолындағы шығыс христиандық (П.П.Семенов-Тян-Шанскийді еске алу)» ғылыми форумы өтетінін хабарлады.

Синод Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадийдің хабарламасын тыңдады. Қасиетті билеуші Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысына қатысуы туралы; Орыс Православие Шіркеуінің қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі Кеңесаралық Қатысу комиссияларының отырыстарындағы жұмысы туралы; Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесі мүшелерінің жалпы жиналысының отырысына және «Әлемдік көпшілік және дәстүрлі құндылықтар» конференциясына қатысу туралы айтып берді.

Өздерінің епархияларының 2024 жылғы қызметі туралы баяндамаларды оқығандар: Қарағанды ​​және Шахтинск архиепископы Севастиан, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Синод мәжілісінің журналдары Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кирилл бекіткеннен кейін шығарылады (Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысының XIII тарауының 9-бабын қараңыз: «Митрополиттік округтің Синод журналдары Қасиетті Синодқа ұсынылады және Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархымен бекітіледі».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді