ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
04.01.2025, 12:15

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Шымкент және Түркістан епископы Хрисанфпен жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Шымкент және Түркістан епископы Хрисанфпен жұмыс кездесуін өткізді

3 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Шымкент және Түркістан епископы Хрисанфпен жұмыс кездесуін өткізді.

Отырысқа қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы теологиялық семинариясының ректоры м.а., Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров; епископ Хрисанфтың көмекшісі Адриано-Наталиевский шіркеуінің кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.

Кездесуде келім жеткен жылдың күзінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысу үшін елімізге келетін Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Қазақстанға алдағы сапарына дайындық мәселелері қаралды. Республика Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев қол қойған халықаралық форумға ресми шақыруын Қасиетті Патриарх Кириллге 2024 жылғы 22 қарашадағы ресми кездесуінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев берді.

Билеуші митрополит Қазақстан Православие Шіркеуінің канондық мәртебесінің белгіленгеніне 15 жыл толған Қазақстан үшін ерекше жылы Шымкент қаласы – көптеген архипастарлар, дінбасылар мен сенушілер Мәсіх үшін азап шеккен жер екенін - рухани-ағартушылық шіркеу-қоғамдық іс-шараларды өткізетін орталықтардың біріне айналуы керек екенін атап өтті.

Митрополит Александр мен епископ Хрисанф Қасиетті Патриарх Кирилл ұсынған бастаманы жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Православие дінін қудалау тарихын жақсы білетін Жоғары мәртебелі Православие үшін жазықсыз жапа шеккен сансыз көп адамдарды еске алу үшін қазіргі Шымкент қаласының аумағында орналасқан Лисья балкада (Албастысай) мемориалдық шіркеу тұрғызуды ұсынды. Әлемге әйгілі Лисья балка мыңдаған православиелік христиандардың өлім жазасына кесілген орны және соңғы демі таусылған орын болды; олардың арасында Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов), митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), епископ Евгений (Кобранов) және басқа да көптеген атақты иерархтар мен діни тәлімгерлер бар. Мемориалдық шіркеу құруға Қазақстаннан ғана емес, жақын және алыс шетелдерден – Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Молдовадан, АҚШ-тан, Германиядан, Италиядан және басқа елдерден құрбан болғандардың ұрпақтары өтініш білдіргені атап өтілді.

Митрополит Александр Қасиетті Патриарх Кириллдің батасын алған мемориалдық шіркеу тұрғызу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Қ. Тоқаевпен қарастырылғанын айтты. Митрополиттік округ Басшысының айтуынша, бұл туралы оған еліміздің Парламент Сенатының төрағасы М.С. Әшімбаев 2024 жылғы 9 желтоқсанда Астанада өткен кездесуде хабарлаған болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы мәселені зерделей келе, Лисья балкада екі діни ескерткіш – православ шіркеуі мен мұсылман мешітінің құрылысын мақұлдады, өйткені осы жерде жазықсыз өлтірілген қазақстандық екі жетекші дәстүрлі діні – Ислам мен Православие дінінің өкілдері соңғы демі таусылды. Иерарх кездесуге қатысушыларға Мемлекет басшысының Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай айтқан сөздерін еске салды: «Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз».

Отырыста митрополит Александр епископ Хрисанф ұсынған болашақ шіркеудің жобасын мақұлдап, шіркеу мемориалының құрылысы бойынша бірінші кезеңінің басталғанын білдіретін құжаттарға өз қолын қойды.

Жұмыс кеңесі барысында Шымкент епархиясында оқу-ағарту және әлеуметтік-қайырымдылық жұмыстарын жүзеге асыру, Шымкент және Түркістан қалаларында епархиялық әкімшілік және рухани-мәдени орталықтар мен шіркеу-тарихи мұражайын құру мәселелері талқыланды.

Епископ Хрисанф Митрополиттік округ Басшысына Оңтүстік Қазақстандағы Православие дінінің өміріне ерекше көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді. Архипастырлар келіп жеткен азаматтық Жаңа жылмен және келе жатқан Мәсіхтің Рождество мерекесіне орай  құттықтаулармен алмасты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді