ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
05.01.2025, 12:00

Әулиелер аптасында Митрополит Александр әке Алматының бас шіркеуінде Литургияны өткізді.

Әулиелер аптасында Митрополит Александр әке Алматының бас шіркеуінде Литургияны өткізді.

5 қаңтар 2025 жылы – Мәсіхтің Рождество күні алдындағы Елуінші күн мерекесінің 28-ші аптасы; әулие әкелерді еске алу.

Рождество алдындағы соңғы жексенбіде Православие Шіркеуі Ескі өсиет Патриархы Авраамадан бастап, әділ Иосиф Обручниковпен қосқанда Иеміз Иса Мәсіхпен қандас ата-бабаларды еске алады; Даниял пайғамбар мен үш әділ бозбалалар - Анания, Азария және Мисайлды ерекше еске алады.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралы соборында Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никоьск соборының басшысы  протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне алматылық шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Алма-Ата епархиясының діндары  архимандрит Иоанн (Сазонов), протоиерей Вячеслав Чурбанов, Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Алматы теологиялық семинариясының ректоры м.а., Митрополиттік округтің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов, протоиерей Дмитрий Сидоров, митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иеромонах Херувим (Левин), Алматы православиелік теологиялық семинариясының сырттай оқу бөлімінің басшысы иерей Даниил Бобылев, Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров, Адриано-Наталиевский шіркеуінің кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; протодеакон Николай Гринкевич, митрополит хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацский, дикон Виталий Быструшкин, диакон Иоанн Чуркин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков.

Әндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілігімен Қазақстан Митрополиттік округінің хоры және О.Кузнецованың жетекшілігімен собор хоры орындады.

Ғибадат ету барысында Құтқарушының туыстық байланысы және Ең Қасиетті Мәриямнан Жаратқан Иенің дүниеге келуі туралы хикаяны қамтитын Матфей Інжіләнің бірінші тарауы оқылды.

Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Евгений Иванов айтты.

Литургия соңында митрополит Александр дін қауымы мен приходтарға ғибратты сөзін айтты.

«Бүгінгі жексенбі күн бізді Құтқарушының қандас ата-бабалары мен аталас ағайындары, ескі өсиеттің әділ ақсақалдары болып табылатын - әулие әкелерді еске алу арқылы Өмір Беруші Мәсіхтің әлемге келуінің жарқын мерекесіне жақындатады. Литургия кезінде Иеміздің туыстық кітабын қамтитын арнайы Інжілдік бөлімі оқылды. Інжілтанушы Матфей осы қысқа жолдар арқылы, есімдер тізімі арқылы «қараңғылық пен өлім көлеңкесінде отырған» (Мф. 4:16) адамдардың әлемнің Құтқарушысын күткен кездегі, Ескі өсиеттің бүкіл тарихын, сондай-ақ әулиелердің келетұғын Мессия-Мәсіхке сену арқылы құтқарылғанын еске салады. Әрбір есімнің артында тұтас бір өмір жатыр. Міне, бұл жерде туған жерін тастап, Біртұтас Жаратушыға сенген, сенушілердің әкесі және Руфь әулиесі - Құдайды сүйетін Авраам және забур жыршысы Давид патша, сонымен бірге данагөй Соломон да бар. Мұнда күнәкарлар мен тақуалар, әйгілі жарқын тұлғалар және біз білмейтін қарапайым адамдар бар.Інжіл әңгімесі Құдай Ұлының іс жүзінде жер бетіндегі тарихқа енгенін, көптеген ұрпақтардың күтпеген үмітіне жауап бергенін және күнәдан сауығып, бізді Құдайдың рақымымен киелі ету үшін біздің адамдық болмысымызды қабылдағанын куәландырады. «Құдайдың Ұлдары Давидов пен Авраамов екенін естіген кезде, - дейді Иоанн Златоуст, - сен, Адамның ұлы, яғни Құдайдың ұлы болатыныңа күмәнданба». Жаратқан Иенің қандас ата-бабаларын тізіп шыққаннан кейін, Ең Қасиетті  Мариядан Құтқарушының туғаны туралы қуанышты хабар естіледі. Ізгі хабарды тыңдай отырып және Құдайдың адам кейіпіне ену құпиясына ой жүгірте отырып, біз өзіміз үшін “Құдай ізгілігінің, сабырлығы мен шыдамдылығының қазынасын” (Рим. 2:4) ашамыз және сонымен бірге біз Құтқарушымызға «Біз Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігін білдік және оған сендік»(1Ин. 4:16) деген ризашылығымызды білдіруді үйренеміз. Митрополит Александрдың Қасиетті Әкелер мерекесіне арналған уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді