ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
Бейне
05.01.2025, 17:30

Мәсіхтің Рождество күнін мерекелеуге арналған Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының баспасөз конференциясы өтті.

Мәсіхтің Рождество күнін мерекелеуге арналған Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының  баспасөз конференциясы өтті.

5 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығындағы өзінің жұмыс кеңсесінен Мәсіхтің Рождествосы мерекесіне арналған онлайн баспасөз конференциясын өткізді.

Рождество алдындағы іс-шараны Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі ұйымдастырды.

Виртуалды кездесуге қатысқандар: мемлекеттік және жеке БАҚ журналистері, ақпараттық агенттіктер мен ақпараттық-сараптамалық порталдардың өкілдері, блогерлер.

Іс-шараның спикері «Интерфакс» баспасөз орталығының директоры Ж.Д. Зейнешев болды.

Митрополит Александр БАҚ өкілдерін азаматтық Жаңа жылмен және жақындап келе жатқан Мәсіхтің Рождество күнімен құттықтап, атап өтілетін інжілдік оқиғаның мәні туралы айтты.

«Жаңа Өсиет Кітабы - адамзатқа Вифлеемнен «үлкен қуаныш» келгенін хабарлайды. Шексіз және құдіретті Жаратушы арамызға қоныстанды, Құдай адам кейіпіне еніп, жердегі тарихтың бүкіл бағытын өзгертті. Жаңа туған Құдай перзентті жырлар мен әндермен дәріптей отырып, біз әлемде бірде-бір адамды Құдай ұмытпағанына немесе тастамағанына куәлік етеміз», - деді архипастор.

Билеуші митрополит Рождестволық мерекелерді мейірімділікпен ерекше атап өту қажеттігіне назар аударды. «Жаратқан Иенің дүниеге келуінің жарқын және қуанышты мейрамы бәрімізге Жаратушыға және жақынымызға деген сүйіспеншілікті көрсету және бұл әлемді, кем дегенде, Құдай біздің жердегі өмірімізді өткізуге белгілеген шағын бөлікте жан жылуымен жылыту керектігін еске салады. Айналамызға қарап, Мәсіх бүгін бізге мұқтаждықпен жіберген адамдарға мұқият болайық. Мақтаулар мен мерекелік әндермен бірге құндақта жатқан Құдайға әркім өз жүрегінен бір жақсы іс әкелейік», - деп атап өтті иерарх.

Баспасөз конференциясын жалғастыра отырып, журналистерге Оңтүстік астанадағы басты Рождестволық ғибадат ету қаңтардың 6-нан 7-не қараған түні Қазақстанның тарихи және мәдени інжу-маржаны – Вознесенский кафедралы соборында өтетіні хабарланды.

БАҚ өкілдерімен кездесудің басты тақырыптарының бірі Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстанға сапары туралы хабарландыру болды: «Өткен жылы, 22 қарашада, Мәскеу қаласында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Әулие Патриарх Кириллдің 2025 жылы Қазақстанға сапары туралы келісімге қол жеткізілді. Ол кісі ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысады».

Сондай-ақ архипастор журналистерге «Патриарх Кирилл Шымкент қаласында жазықсыз қаза тапқан көптеген діни қызметкерлер мен онда жерленген діндарларды еске алу үшін атышулы жерде – Лися балкада мемориалдық шіркеу тұрғызу туралы бастаманы көтерді. Жоғары Мәртебелінің бастамасын Қазақстан Республикасының Президентімен қарастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы мәселені зерделей келе, Лися балкада екі діни ескерткіш – православ шіркеуі мен мұсылман мешітінің құрылысын мақұлдады, өйткені осы жерден жазықсыз өлтірілген екі жетекші дәстүрлі қазақ дінінің – Ислам мен Православие дінінің өкілдерінің соңғы демі таусылған орны. Орыс Православие Шіркеуі Басшысының келуіне қарсы мемориалдық шіркеу салынады деп үміттенеміз», - деп атап өтті иерарх.

Билеуші митрополит 2025 жылы аталып өтетін шіркеу күнтізбесіндегі есте қаларлық күндер туралы айтты. «Келіп жеткен жаңа жылда біз Түркістан епархиясының бірінші архипасторы – тақуа әрі мінәжат адамы, Мәсіх жолындағы қажымас қайраткер архиепископ Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуын ғибадат-мінажатпен атап өтеміз. Біз оны Орталық Азия елшісі деп атаймыз. Екі атаулы күн  Алматы мен Қазақстанның митрополиті, қасиетті діндар Николайды еске алумен байланысты - бұл оның 70 жылдығы және оның құрметті жәдігерліктерінің ашылғанына 25 жыл, сонымен қатар біз Митрополит округінің канондық мәртебесін бекітудің 15 жылдығын атап өтеміз».

Жоғары Мәртебелінің айтуынша, келіп жеткен жыл ХХ ғасырдың көрнекті рухани қайраткері, Мәсіхке деген сенімі үшін азапты бастан өткерген тақуа - ​​Митрополит Иосифтің (Чернов) Иемізге тапсырылғанының 50 жылдығына дайындық аясында өтеді. «Атаулы күндерді мерекелеуге дайындық барысында митрополиттер Николай (Могилевский) мен Иосиф (Чернов) жұмыс істеп, өмір сүрген тарихи жерде мұражай тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Кеңес Одағы кезінде епархия басқармасы орналасқан бұл ғимарат Иверско-Серафимовский монастыріне жақын жерде орналасқан. Мұражай олардың өмірі мен шығармашылығының ескерткіші ғана емес, тақуа архипастырлардың рухани мұрасын зерттейтін маңызды ғылыми орталыққа айналады.

Біздің барлығымыз өткеннен өмірлік сабақ алуымыз керек. Ұлы тарихи тұлғалар, аскетиктер мен тақуалар бізге, ХХI ғасырда өмір сүріп жатқан адамдарға сенімдегі беріктіктің, Құдайға және жақындарына деген сүйіспеншіліктің, өсиеттерді бұлжытпай сақтаудың үлгісі болуы керек», - деді Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы.

Архипастор Метрополиттік округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын тойлау жоспары туралы хабарлады. «Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде бейбітшілік пен келісімді сақтау, зорлық-зомбылық пен нәсілдік кемісітушілікке жол бермеу, ұлтаралық достықты нығайту сияқты - Ұлы Отан соғысының өнегелі сабақтарына -  ерекше назар аудару қажет», - деп билеуші митрополит атап өтті.

Баспасөз конференциясының басты тақырыбы – ағымдағы жылы Қазақстандағы бірегей тарихи-археологиялық ескерткіш - Турин Жамылғысына арналған көрмені өткізу мәселесін талқылау болды. Митрополиттік округ Басшысы атап өткендей, «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі жұмысына орайластырылған бұл жобаның бастамашылары мен ұйымдастырушылары Қазақстанның Православие Шіркеуі, «Kirche in Not» («Қиыншылықта шіркеуге көмектесу»)халықаралық қайырымдылық ұйымы және Астананың Рим-Католиктік архиепархиясы болып табылады. Халықаралық деңгейде мойындалған «Турин жамылғысы» көрмесі Германиядағы Мальта Егемендік орденінің өкілдігі бастамасымен жасалған. Оған Турин жамылғысының нақты өлшемдегі көшірмесі және артефакт бойынша ғылыми зерттеулерге арналған экспонаттар кіреді. Көрме Астана, Қарағанды ​​және Петропавл қалаларында өтіп, Алматыда өз жұмысын аяқтайды деп жоспарлануда», - деп хабарлады иерарх.

Митрополит Александр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, шетелдегі Орыс Православие Шіркеуінің басшылығымен Құдай Ананың ғажайып мирра ағыны бар Иверско-Гавайский белгішесін Қазақстанға әкелу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Баспасөз конференциясының соңында митрополит Александр журналистердің сұрақтарына жауап берді, содан кейін барлығын Жаңа жылмен және келе жатқан Мәсіхтің Рождество мерекесімен құттықтады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді