6 қаңтар 2025 жыл – Мәсіхтің туған күні қарсаңы, Рождество мерекесі қарсаңын атап өту.
Бұл күннің ғибадат ету мәтіндеріндегі өкініш мотивтері мен туған Құтқарушының лайықты кездесуіне шақырулар бірте-бірте адам кейіпінде келген Жаратқан Иенің пайда болуынан қуаныш пен шаттыққа ауысады. Бұл Ізгі хабардың жердегі жағдайларына ерекше назар аударылады: ол Мәсіхтің Туған күні мен уақыты туралы, сонымен қатар оның барлық қатысушылары – Ең Қасиетті Әулие Мария мен тақуа Иосиф Обручник , періштелер, данышпандар мен діндардарлар туралы айтады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралы соборында мерекелік ғибадат ету – Әулие Иоанн Златоустаның Құдайлық Литургиясы мен Ұлы кешкі шіркеулік қызметті басқарды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов), Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский кафедралы соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Алматы теологиялық семинариясының ректоры м.а. Митрополиттік округтің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов, протоиерей Александр Иевлев, Вознесенский соборы кілтшісінің орынбасары иерей Андрей Шкляр, Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), иеромонах Херувим (Левин), Митрополиттік округі Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметі басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков.
Ғибадат ету әндерін игумен Филипптің (Моисеев) жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры орындады.
Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Евгений Иванов айтты.
Литургия аяқталғаннан кейін ғибадат ету ережелеріне сәйкес шіркеулік ұлы кешкі қызмет өткізілді.
Ұлы кешкі қызметте нақыл сөздер - Мәсіхтің жерге келуі және Құдай Патшалығы туралы пайғамбарлықтарды қамтитын Ескі өсиет мәтіндері оқылды. Нақыл сөздер
құрбандық үстелінде және хорда діни қызметкерлер кезектесіп орындаған - «Олармен бірге бізге рақым ет» және «Өмір сыйлаушы, саған мадақтаулар болсын» деген тропариондар және әндермен алма кезек айтылды.
Осы күннің жарғылық ерекшеліктеріне сәйкес, нақыл сөздер оқылмас бұрын, ұлы прокеймен: «Біздің Құдайымыз сияқты Ұлы Құдай кім» деп даңқталды.
Ғибадат етуде елші Павелдің Еврейлерге Құдай Ұлының мәңгілік туылуы туралы жолдауынан (1-тарау, 1-12-тармақтар) бөлімі оқылды және және Лұқа бойынша Иеміз Иса Мәсіхтің Вифлеем ордасында туылуы және періште құдіреттерімен Құтқарушының туылғаны туралы хабарды алған діндарларлың Құдайлық нәрестеге табынуы туралы Ізгі хабардың ( 2 тарау, 1-20 тармақтар) бөлімі уағыздалды.
Ұлы кешкі қызмет ету соңында Вифлеем жұлдызын білдіретін безендірілген шам төрден ғибадатхананың ортасына дейін әкеліп қойылды.
Мереке бейнесі мен жағылған шамдардың алдында мадақтау орындалды - хор мен діни қызметкерлер Мәсіхтің туған күнінің тропарион және кондак әндерін шырқады.
Ғибадат ету соңында Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы дін қауымы мен дұға етушілерді Рождество қарсаңы– келе жатқан бейбітшілік пен Құдайдың махаббаты мерекесімен құттықтап, жиналғандарға уағызын айтты.
Мәсіхтің туған күні мерекесіне орай Вознесенский соборы шіркеудің қамқоршысы протоиерей Александр Суворов бастаған шіркеу қызметкерлерінің күшімен тірі шыршалармен безендірілді, қасиетті мерекелер өткен соң олар Оңтүстік астананың саябақ аумақтарына отырғызылады. Бұл игі дәстүр бірнеше жылдан бері жалғасып келеді; 28 Панфиловшылар саябағында ағаштардың жартысы өсуде.
«Бүгінгі Құдайлық Литургия және Ұлы кешкі қызмет – арнайы ғибадат ету күні біз Мәсіхтің Рождество меркесін тойлауды бастаймыз. Жаратушы мен Иеміздің дүниеге келуі туралы жақсы хабар әлемді қайта толтыруда. Шіркеу әндерінің сөздеріне сәйкес, «Көк Күштері қуанып, жер мен адам шаттануда». Бұл Ізгі хабар мәсіхшілердің жүректеріне үміт ұялатады, жасампаз күштерді оятады және оларды Құдайға және адамдарға қызмет етуге шабыттандырады. Құдайдың махаббаты адамның күнә мен өлімнің тұтқынында болуына байланысты емес, бізді зұлымдықтан құтқару және рухани қайта туылу мен жаңару мүмкіндігін беру үшін жер бетінде пайда болды. Осы қасиетті күндерде біз жер бетінде жаңа пайғамбар немесе ұстаз, дана билеуші немесе құдіретті батыр емес, Шіркеу жариялағандай, осы дүниені Жаратушының Өзі дүниеге келгенін мойындаймыз: «Сіз арашашы да, періште де емес, Бикештен келдіңіз, бірақ Құдайдың Өзі адам кейіпіне еніп, мені, барлық адамды құтқардыңыз». «Сондай-ақ рақым мен ақиқатқа толы Сөз тәнде болып, арамызда өмір сүрді» (Ин. 1:14), - көктегі аяндарды ашушы елші Иоанн Богослов, Құдайдың адам өміріне енуінің шындығын растайды. Өмір Беруші Мәсіхтің дүниеге келуі адамзатқа - Құдайды шынайы тану, өмірдің мәнін табу, күнәдан құтылу жолы, өлімді жеңу, рақым арқылы адамды құдайландыру, Көктегі Патшалық пен мәңгілік бақыт секілді үлкен және баға жетпес сыйлықтар әкелді. Рақымды Бикештен туған Иеміз Иса Мәсіхке сену және Інжіл өсиеттеріне сәйкес ізгі өмір сүру біз үшін Құдаймен қарым-қатынас жасау тәсілі ғана болып қоймай, сонымен қатар оған сиқыршы берген алтыннан, хош иісті, әшекейлі заттардан артық Құтқарушыға лайықты сыйымызға айналады. Мәсіхтің Рождество мерекесін тойлау күндері біз бүкіл әлемде бейбітшілік пен туған Қазақстанымыз үшін ерекше дұғалар жасаймыз, осылайша Жаратқан Ие осы көне өлкеге әрқашан Өз рақымымен және кеңшілігімен келсін, осы ел олардың үйі болған әрбір адамның өмірі мен жұмысын жарылқасын, Ұлы даланың кең-байтақ жерінде ынтымақ пен бауырмалдық, сүйіспеншілік мәңгі сақталуы үшін Құдай рақымын төксін. Митрополит Александрдың уағызынан.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр