ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
11.01.2025, 11:55

Рождестводан кейінгі сенбіде митрополит Александр Астанадағы Константино-Еленинский соборында Литургияны өткізді

Рождестводан кейінгі сенбіде митрополит Александр Астанадағы Константино-Еленинский соборында Литургияны өткізді
11 қаңтар 2025 жыл – Рождестводан кейінгі сенбі, Вифлеемде Иродтан соққы көрген, шейіт болған 14 000  сәбиді еске алу күні.
 
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы ең көне шіркеуі – Константино-Еленинский соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
 
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: астаналық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Жоқтағандарға Қуаныш» юеогішесінің құрметіне арналған  шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Құдай Анасының «Көз жұмғандарды іздеу» белгішесінің құрметіне арналған астаналық әйелдер монастырінің діндары иеромонах Модест (Дроздов), Константино-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев, Астана қаласындағы Серафим Саровский шіркеуінің клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), иерей Николай Коваль, Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Янчук.
 
Ғибадат ету  барысында дұға еткендер:  Астана қаласындағы Құдай Анасының «Көз жұмғандарды іздеу» белгішесінің құрметіне арналған монастырінің игумені Севастиана (Плотникова) монастырлық апалы-сіңілілерімен; епархия әкімшілігінің қызметкерлері, ғибадатхананың қажылары мен приходтары.
 
Хорды Н.В. Мазуринаның жетекшілігімен Константино-Еленинский соборының хоры орындады.
 
Қасипетті өлеңнен кейін иерей  Георгий Рублинский Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық жолдауын оқыды.
 
Литургия соңында Рождество мерекесіне мадақтаулар өтті, содан кейін митрополит Александр дін қауымы мен шіркеу қызметкерлерін Құдай Сөзінің әлемге келуі мерекесімен құттықтап, жиналғандарға уағызын айтты.
 
«Қазір әрбір христиан және әрбір православиелік отбасы мерекелетіп жүр. Барша сенушілердің жаны нұрлы қуанышқа толы. Біз тағы да дүниежүзілік тарихтағы ең ұлы және құтқарушы оқиғаны – адам санасы жетпейтін Құдайдың жер бетінде адам кейіпіне ғажайып енуін қайтадан бастан кешіріп жатырмыз. «Тәнсіз денеге айналады, Сөз күшейеді, Көрінбейтін  көрінетін болады, Сезілмейтін сезіледі, ұшпайтын ұшатынға бастайды. Құдайдың Ұлы адам баласына айналды», - дейді Шіркеудің ұстазы, әулие Григорий Богослов. Сүюші, ізгі Жаратушы Өзі жаратқан әлемнен алшақ қалғысы келмеді және көктегі Құдай болуды тоқтатпастан, шынайы Адамға айналды, біздің тәніміз бен қанымызды, адам табиғатының табиғи кемшіліктері мен ауруларын, азап шегу мен қуану, шыдау және қайғыру сияқты сезімдерді қабылдады. Бірақ Мәсіх адам жанының барлық осы ажырамас табиғи қасиеттерін Өзінің Құдайлық Рухымен жоғарылатып, қасиетті етті. Біздің құтқару жұмысымызды аяқтап, Ол адамға Құдаймен тығыз байланыста болуға жол ашты. Жаратқан Ие біздің сол Құдайлық сезімдерімен сусындағанымызды және қаныққанымызды қалайды. Және Құтқарушы оларды шындықты іздейтін әрбір адамға беруге дайын. «Міне, мен есік алдында тұрып, қағамын: кім Менің дауысымды естіп, есікті ашса, Мен оған кіріп, онымен, ал ол Менімен бірге тамақтанады» (Откр. 3:20). Сондықтан Рождество Мерекесі – ар-ұжданымызды тазартып, бізді ерлік жолына түсуге және Жаратқан Иеге қызмет етуге шақырады». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді