ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
13.01.2025, 21:10

Митрополит Александр мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийдің (Козорез) жерленген орнында дұға жасады

Митрополит Александр мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийдің (Козорез) жерленген орнында дұға жасады

13 қаңтар, 2025 жыл. Шымкент. Шымкент епархиясына архипасторлық сапармен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александр Никольск кафедралды соборының құрбандық үстелінде мәңгі есте қалатын архиепископ Елеферийге арнап (Козорез) дұға бағыштады.

Марқұмға дұға бағыштағандар: Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Шымкент епархиясының діни қауымы, марқұмның рухани балалары, Шымкент қаласының бас шіркеуінің приходтары.

Митрополит Александр жиналғандардың алдындп мәңгі есте қалатын билеушінің еңбектерін ризашылықпен еске алды.

Дұға оқылған соң дін қауымы мен сенушілер мәңгілік естелікті жырлады. Жерленген жерге гүл шоқтары қойылды.

«Марқұм отыз жылдан астам уақыт бойы Мәсіхтің Шіркеуіне апостолдық қызмет ету айқышын көтеріп, сүйіспеншілікпен және құлшыныспен «Ізгі хабардың құпиясын аша отырып» (Еф. 6:19), өз қамқорлығына тапсырылған Мәсіхтің сенімінде дінін күшейтуде көп еңбек етті. Ол атеизмнің мұздай бұғаулары құлағаннан кейін берекелі Қазақстан жерінде шіркеу өмірінің қайта жанданып, дамуының куәсі және белсенді қатысушысы болды. Сол алыс жылдарда жаңадан тағайындалған архипастор өзінің бар таланты мен күшін, қайраты мен білімін Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстандағы және еліміздің орталық аймақтарындағы шіркеу өмірін ұйымдастыруға бағыттады. Билеуші қорланған ғибадатханаларды қалпына келтірді, жаңа приходтар ашты, қайырымдылық, ағартушылық және жастарға арналған қызмет ету істерін дамытуға бастамашы болды және мемлекеттік қызметкерлермен және дәстүрлі конфессия жетекшілерімен диалог жүргізді. Ол өзінің қызметімен осы аймақтарды Митрополиттік округтің жаңа епархияларын құруға дайындады: Қостанай, Петропавл, Көкшетау және Қарағанды. Әрқашан, елшінің сөздеріне сүйенсек, архиепископ Елевферий «сенушілерге сөзімен, өмірімен, сүйіспеншілігімен, рухымен, сенімімен, тазалығымен үлгі болуға» ұмтылды (1 Тим. 4:12). Марқұм әулие бiздiң жадымызда оған келіп, жұбаныш сұрағандардың барлығына қолдау көрсетуге ұмтылған қарапайым, сезiмтал жан мейiрiмдi адам ретинде сақталады». Митрополит Александрдың архиепископ Елевферийді еске алу сөзінен.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді