ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
14.01.2025, 11:45

Иеміздің Сүндеттелу мерекесі және әулие Ұлы Василийді еске алу күні Митрополит Александр Ақжар ықшам ауданындағы Богородице-Рождественский шіркеуінде Литургияны өткізді

Иеміздің Сүндеттелу мерекесі және әулие Ұлы Василийді еске алу күні Митрополит Александр Ақжар ықшам ауданындағы Богородице-Рождественский шіркеуінде Литургияны өткізді
14 қаңтар 2025 жыл – Иеміз Иса Мәсіхтің Сүндеттелу мерекесі мен ұлы иерарх және әмбебап ұстаз – Кесарий Каппадокий архиепископы әулие Ұлы Василийді еске алу күні.
 
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Ақжар ықшам ауданындағы Қасиетті Құдай Анасының Рождество құрметіне арналған шіркеуде Құдайлық Литургияны өткізді.
 
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы приходтарының құрметті өкілі, Никольск соборының басшысы  протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық жоқтағандарға Қуаныш» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Қостанай епархиясының хатшысы Геннадий (Бурдюжа), Ақжар ықшам ауданындағы  Богородице-Рождественскийшіркеуінің басшысы иеромонах Алексий (Черевцов), митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иеромонах Херувим (Левин), митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Владимир Алферов.
 
Сенушілерді дұға етіп жұбатылуы үшін ғибадат кезінде шіркеуге Әулие Павелдің афондық монастырінен Алматыға әкелінген әулилердің сыйлықтары бар кеменің көшірмесі жеткізілді.
 
Әндерді О.Кузнецованың жетекшілігімен аралас хор орындады.
 
Қасиетті өлеңнен кейін иерей  Георгий Сидоров Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық жолдауын оқыды.
 
Литургия соңында Жаңа жыл басы мен Кападокий иерархына арналған дұғалармен Иеміздің Сүндеттелу мерекесі және Әулие Василийді ұлықтау өтті.
 
Ұзақ ғұмырлы өмір тілей отырып,билеуші жиналғандарға архипасторлық уағызын айтып, Ұлы Василийдің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, Иеміздің Сүндетке отыру мерекесінің рухани мәнін ашты.
 
Құрметпен сақтап  және дұға етіп ғибадат ету үшін Митрополит округінің басшысы Богородице-Рождественский шіркеуіне Құдай Анасының «Емші» белгішесін сыйға тартты. Иеромонах Алексий (Черевцов) Митрополит Александрдың қолынан Аспан патшайымы бейнесін қабылдады.
 
«Мәсіхтің Рожествосынан кейінгі сегізінші күні Иеміз Иса Мәсіхтің сүндеттелуі тойланады және ұлы иерарх және ғаламдық ұстаз  - Ұлы Әулие Василий дұғамен мадақталады. Әрбір ізгі хабар оқиғасы қасиетті деп танылады, өйткені ол адамзат баласын қасиетті ету және құтқару үшін болған. Шіркеу бұл оқиғаларды біздің есімізге Құдайға, шындыққа деген құштарлықты ояту және бізді әділ өмір сүруге шабыттандыру үшін салады. Біздің Құтқарушымыз, ескі өсиет заңы бойынша, Құдай келісімінің белгісі ретінде, арғы атасы  Авраам және оның ұрпақтарымен барлық ер сәбилер үшін белгіленген сүндетке отырғызуды қабылдады. Бұл рәсімді орындау кезінде Құдайдың сәбиіне Қасиетті Мәриямның  Благовещения (Хабарлау) күні Архангел Гавриил жариялаған  Иса есімі берілді. Иса есімінің аудармасы  Құтқарушы дегенді білдіреді. Шіркеу Әкелерінің түсіндірмесі бойынша, Заңның Жаратушысы - Иеміз сүндеттелуді қабылдап, адамдарға Құдайдың жарлықтарын бұлжытпай орындаудың үлгісін көрсетті. Иеміздің Сүндеттелуінің тағы бір маңызды мәні - барлығына Мәсіхтің адамшылығының ақиқатын көрсетеді. Оның тәні кейбір күпірлер үйреткендей, елес емес, шынайы болды. Жаңа Өсиетте сүндетке отырғызу рәсімі өзі үлгі болған шомылдыру рәсіміне орын берді.
Әулие Ұлы Василий, Кесарий Кападокий архиепископы - Шіркеудің ұлы әкесі және ұстазы - IV ғасырда өмір сүрген. Өзінің қызметін атқара жүріп, құлшыныспен уағыздап, қауымының мұң-мұқтажын жалықпай тыңдады, соның арқасында халықтың үлкен құрметі мен зор сүйіспеншілігіне ие болды. 370 жылы әулие Василий епископтар Кеңесімен Кесарий кафедрасына сайланды. Шіркеу үшін қиын уақыттарда ол өзін православиелік сенімнің жалынды қорғаушысы ретінде көрсетті, оны сөздері мен хабарламалары арқылы адасушылықтардан қорғады. Ұлы Василий тақуа   және мінәжат адамы, көптеген теологиялық еңбектердің авторы және Православие Шіркеуі күні бүгінге дейін атап өтілетін Құдайлық Литургия рәсімінің құрастырушысы болды. Православие Шіркеуіне деген қызметі үшін әулие Василий Ұлы деген атқа ие болды және «Шіркеудің даңқы мен сұлулығы», «ғаламның сәулесі мен көзі», «догмалардың ұстазы», ​​«ғалымдық палатасы» ретінде ұлықталады . Ол Русь ағартушысы- шомылдыру рәсімінен Василий атымен өткен, қасиетті апостолдарға тең кнәз Владимирдің көктегі қорғаушысы. Өзінің бір ілімінде әулие адамдармен қарым-қатынас жасаудың маңызды ережесін айтқан: «Дана адам жүзімді жегенде, тәтті жидектерді жеп, піспегенін қалдырады. Сол сияқты ізгі адам басқа біреуге қараса, оның қасиетіне назар аударады, ал ақымақ, ойланбайтын адам оның қателігіне назар аударады». Әулие Ұлы Василийді дұға оқумен  еске ала отырып, оның қасиетті өміріне, Құдайға деген берік сеніміне және сүйіспеншілігіне, қасиетті православиеге толық берілгендігіне еліктейік. Әулиеге қарап, Мәсіхтің сенімінің шынайы мойындаушылары деген атқа христиандар деген атпен ғана емес, сөзбен де емес, өмір сүруімізбен көрсетуге асығайық». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді