18 қаңтар 2025 жыл – Иеміздің Богоявление мерекесі қарсаңындағы дайындық кеші (Крещение мерекесіне дайындық кеші); шейіт Иосиф Беспаловты және онымен бірге Талғардағы Мәсіх үшін азап шеккен 37 шейітті (1921), Алматыдағы қаза тапқан шейіт Евгения Доможированы (1933) еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматының Вознесенский кафедралды соборында – Кесарии Каппадокийск архипескопы әулие Василийдің Құдайлық Литургиясымен және суды ұлы қасиетті ету рәсімімен бірге мерекелік ғибадат ету өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының конфессері архимандрит Иоанн (Сазонов), протоиерей Вячеслав Чурбанов, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, иерей Дмитрий Сидоров, Вознесенский соборының кілтшісі орынбасары иеерй Андрей Шкляр, Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Иоанн Чуркин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко.
Ғибадат ету әндерін игумен Филипптің (Моисеев) жетекшілігімен Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.
Інжілмен бірге Богоявление мерекесінің нақыл сөздері оқылды - Құтқарушының шомылдыру рәсімінен өтуі туралы Ескі өсиет пайғамбарлықтары дін қауымы мен хор кезек-кезек айтатын: «Уа, адамзатты сүюші, Саған даңқ» және «Тек көлеңкеде отырғандар, Саған мадақ».
Богоявление қарсағындаңы дайындық кеште Апостол мен Евангелияны оқи отырып Шіркеу Мәсіхтің мәңгілік және Құдайдың ұлылығын куәландырған және тәубеге келуге шақырған Иоаннның шомылдыру рәсімін жасаушысы және ізашары деп жариялайды.
Қасиетті аят туралы уағызды иерей Георгий Сидоров айтты.
Литургия соңында дін қауымымен бірге митрополит Александр судың Ұлы қасиетті ету рәсімін жасады.
Ғибадатхана мен ғибадат етушілерге ұлы агиасмамен (богоявление қасиетті суы) шашқаннан кейін, діни қауымы мен жыршылар Крещение белгішесі мен Мәсіхтің ілімінің нұрын білдіретін шырақтардың алдында мерекенің тропарион және кондак әндерін орындады.
Ғибадат ету іс-шарасы соңында Митрополиттік округ Басшысы дін қауымы мен сенушілерді Богоявление мерекесінің алдындағы дайындық кешімен құттықтап, жиналғандарға тағылымды сөзін сөйледі.
Билеуші митрополит хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин әкені туған күнімен құттықтап, оған литургиялық просфораны сыйға тартып, еңбегі үшін алғысын білдірді және алдағы Қасиетті Шіркеуге қызметінде Құдайдың рақымын тіледі.
«Бүгін шіркеу күнтізбесінде Богоявление қарсаңындағы дайындық кеші деп аталатын ерекше күн. Бұл - Иеміз Иса Мәсіхтің Иордан өзенінде біздің құтқарылуымыз үшін шомылдыру рәсімінен өтуінің ұлы салтанатының қарсаңы. Бүгін - қатаң ораза күні және сонымен бірге рухани қуаныштың бастауы –жырларда, тропариондарда және стихираларда Құтқарушының адамзатқа келуі туралы ізгі хабар естіледі. Иса пайғамбардың орындалған сөзіне сәйкес, қараңғыда жүрген халық үлкен нұрды көрді және өлім көлеңкесі елінде өмір сүретіндерге жарық көрінді (Ис.9:2-ні қараңыз). Бүгін біз шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанн шақырған тәубеге келіп, күнәларымыз үшін қайғырамыз және Құдайдан дерттеріміздің жазылуын, қателіктеріміздің кешірілуін және Інжіл өсиеттеріне сәйкес өмірдің түзелуін сұраймыз және біз Мәсіхтің келуі арқасында дүниені молынан толтырған рақымды ризашылықпен тойлаймыз. Қасиетті шіркеудің «суға баруға», «құтқару көздерінен» рақымға толы күш алуға шақырулары тарайды (Ис. 55:1, 12:3-ті қараңыз). Енді тағы да, Құдайдың рақымымен біз ұлы құдайлық қызметке – сулы табиғатты қасиетті ету рәсімінің қатысушысы болдық. Құдай Ұлының дүниеге келуі арқылы, Өмір Беруші Мәсіхтің пайда болуы арқылы бізге Көктегі Әкеден ерекше, теңдесі жоқ мейірім берілген. Әрбір христиан Жаратушы мен Жасаушыны өзінің ақыл-ойымен, жүрегімен және ерік-жігерімен қабылдап қана қоймай, шын мәнінде Құдаймен бірігіп, Құдайдың құдіретін жұмбақ түрде сезіне алады. Құтқарушының ерлігі арқылы, Оның адамзат баласына деген құрметі, Туылуы, Өлуі және қайта тірілуі, Құдайдың рақымы бізге Жоғарыдан келген үлкен сый ретінде ашылды. Бұл – Құдай Тағаланың адамды күнәдан азат етуге, адам болмысындағы кемшіліктерді жеңуге, жан және тән ауруларын емдеуге, адамдарды Інжілдің адамгершілік биіктеріне көтеруге, әлемді өзгертуге қабілетті және белсенді құдіреті. Апостолдық дәуірден бастау алатын ең көне дәстүрге сәйкес, Богоявление күні суды ұлы қасиетті ету орын алады. Өмір беретін Үшбірлікті шақыру, Қасиетті Жазбаларды және арнайы дұғаларды оқу, құрбандық шалатын крестке батыру арқылы су қасиетті етіледі - физикалық табиғатын өзгертпестен, ол Құдайдың құдіретімен толтырылады, үлкен агиасмаға, яғни ұлы қасиеттіге айналады. Бқл сұлулығы мен ішкі рухани мазмұны бойынша ерекше қызмет және біз үшін тиімді сыйлық - ұлы агиасма - бізді жердегіден Көкке, уақытшадан мәңгілікке көтереді және Құдай Өз рақымымен Оған сенетіндермен, барлығымызбен бірге болады және Ол өзінің құдіреті арқылы барлық жаратылысты тазартады және жаңартады». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр