ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
23.01.2025, 17:00

Өскемен епархиясындағы Жаратқан Иенің Крещение мерекесі

Өскемен епархиясындағы Жаратқан Иенің Крещение мерекесі

18 қаңтар 2025 жылы, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий Богоявление қарсаңындағы кеште  Семей қаласының Воскресенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны, Ұлы мерекегет дайындық кешін, және судың Ұлы қасиетті ету рәсімін жасады.

Архипасторға қызмет еткендер: Семей шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Евгений Яганов, протоиерей Александр Юркин, протоиерей Петр Хонин, иерей  Евгений Хохряков, протодиакон Андрей Дудник, протодиакон Николай Белоконь, епархия хатшысы епархии диакон Илия Кван.

Мерекелік әндерді Хохрякованың жетекшілігімен собор хоры орындады.

Қызмет барысында дұға еткендер: приходтық жексенбілік мектептің ұстаздары мен оқушылары, Абай ауданының казак ұйымдарының өкілдері, Семей қаласының және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары.

Литургиядағы соңғы дұғадан кейін архиепископ Амфилохий судың ұлы қасиетті ету рәсімін жүргізді.

Мерекелік ғибадат ету соңында архипастор дін қызметкерлері мен сенушілерді Богоявление мерекесі қарсаңындағы Кешімен құттықтап, жиналғандарға тағылымды сөзін сөйледі.

19 қаңтарда, Иеміз Құдайдың және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Крещение мерекесінде, Жоғары Мәртебелі әулие Ұлы Василийдің Литургиясын және Өскемен қаласындағы Андреевский кафедралды соборында суды ұлы қасиетті ету рәсімін жасады.

Иерархқа қызмет еткендер: собордың діни қызметкері иеромонах Никодим (Авдеев), собордың клириктері иерей Виталий Адаменков және иерей Роман Подрезов, протодиакон Андрей Дудник және епархия хатшысы диакон Илья Кван.

Литургия әндерін Н.Романцованың жетекшілігімен епархияның бас шіркеуінің хоры орындады.

Мерекелік ғибадат ету  кезінде дұға еткендер: Өскемен қаласының және оған жақын орналасқан елді мекендердің көптеген тұрғындары, епархия басқармасының қызметкерлері, Троица ерлер монастырінің ағайынды ағалары, Орталық жексенбілік мектептің ұстаздары мен оқушылары.

Қасиетті өлеңнен кейін діни қызметкер Виталий Адаменков уағызын айтты.

Литургияның соңғы дұғасынан кейін архипастор мен дінбасылар собордан шерумен шығып, собор алаңында арнайы салынған мұз купеліне барды, онда суға ұлы қасиетті ету рәсімі орындалды. Содан кейін епископ Амфилохий мерекелік тропарионның дүркін айтылуымен жиналған халықты үлкен агиасмамен себеледі.

Мерекелік ғибадат етудің соңында билеуші архиепископ жиналғандарды Иеміздің Крещение күнімен құттықтап, шіркеу қызметкерлеріне уағызын айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді