ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
31.01.2025, 19:00

Митрополит Александр жаңадан қайтыс болған Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапионның қабірінде дұға оқыды

Митрополит Александр жаңадан қайтыс болған Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапионның қабірінде дұға оқыды
31 қаңтар 2025 жыл. Көкшетау. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Көкшетау және Ақмола епархиясының бас епархиялық қаласына келді.
 
Билеуші митрополит Воскресенский кафедралды соборында жаңадан қайтыс болған Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапионның табытының  жанында дұға бағыштады.
 
Митрополиттік округ Басшысымен бірге қайтыс болған архипасторға дұға оқығандар: Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Астана епархиясының викарийі Талғар епископы Вениамин; Көкшетау және Астана епархияларының діни қауымы.
 
Содан кейін жаңадан қайтыс болған архиепископ Серапионның қабірінің үстінде діни қызметкерлер ежелгі литургиялық дәстүр бойынша Қасиетті Інжілді үздіксіз оқуды жалғастырды. Митрополит Александр бірнеше бөлімін өзі оқыды.
 
Митрополит қайтыс болған иерарх туралы өз сөзінде, атап айтқанда былай деді: «Жас кезінде архиепископ Серапион монастырлық дәрежеде және діни қызметте Құдайға және жақындарына қызмет ету жолын таңдады және ол бүкіл өмірін, күш-жігері мен талантын Мәсіхтің Шіркеуінің игілігіне жұмсай отырып, Құдай сөзінің өсіп, таралуын қамтамасыз етіп, (Деян. 12:24) Құдайға арнады. Ол Қазақстанда туып-өсіп, осынау ежелден келе жатқан құтты жерді жақсы көрді. Кішіпейілділікпен және Құдайға деген сеніммен марқұм епископ архипасторлық қызметтің айқышын алып жүрді. Бүкіл әлем Иесі күтпеген жерден «сенімге сөзімен де, өмірімен де, махаббатымен де, рухымен де, иманымен де, тазалығымен де үлгі болуға» ұмтылған адал құлын өзіне қайтарды (1 Тим. 4:12). Өмір сыйлаушы және өлімді Жеңген Мәсіх жаңадан қайтыс болған архиепископ Серапионның біліп те білмей жасаған күнәсін кешіріп, оның жаны әділдер мекенінде тыныштық тауып және оның  есімінің мәңгілік және берекелі есте қалуын бұйыртсын”.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді