16 ақпан 2025 жылы – адасқан ұл апталығы; Иеміздің Кездесуінен кейінгі мереке, әділ Симеон мен Анна пайғамбарды, апостолдарға тең Николай, архипескоп Японский, және қасиетті кнәз Роман Угличскийді еске алу күні.
Ұлы оразаға дайындықтың екінші жексенбісінде «Адасқан ұл туралы» інжілдік астарлы әңгімесі Құдайлық Литургия кезінде оқылады (Лұқа Інжілі: 15 тарау, 1-32 аяттар). Шіркеу Құдайға шын жүректен өкінумен жүгінетін барлық күнәкарларға Құдайдың сарқылмас мейірімділігінің үлгісін көрсетеді. Өмірдің толықтығы мен қуанышы Жаратушы Иемізбен рақымды бірлестікте және Онымен үнемі қарым-қатынаста болумен, ал бұл қарым-қатынастан алыстау әр түрлі ауыртпалықтардың көзі болып табылады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Митрополиттік округтің Басшысын қызмет еткендер: Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; алматылық Құдай Ананың «Қайғылылардың бәрінің Қуанышы» белгішесінің құрметіне арналған шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; дене шынықтыру және спорт жөніндегі Патриархалдық комиссияның мүшесі, Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі игумен Филипп (Моисеев), иеромонах Прохор (Ендовицкий), иеромонах Херувим (Левин), Адриано-Наталиевский шіркеуінің кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; протодиакон Николай Гринкевич, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко.
Әндерді Митрополит округінің хоры (регенті - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстер - В. Дударева) және Вознеский соборының хоры (регенті - О. Кузнецова) орындады.
Қасиетті аяттағы уағызды протоиерей Александр Гайченя айтты.
Литургия соңында Иемізді Кездесу мерекесін дәріптеу өтті, содан кейін митрополит Александр діни қауымы мен шіркеу қызметкерлерін жексенбі күнімен және Иеміздің Кездесуін тойлаудың жалғасуымен құттықтап, уағыз айтты.
«Адасқан ұл туралы астарлы әңгіме әрбір күнәкардың ауыр халі, қайғылы жағдайы және өкінішке орай, ол көпке дейін түсінбейтіні туралы айтады. Нағыз тәубе, адам Құдайдан қол үзгеннен кейінгі ащы өкінішке батқанын, құмарлықпен боялған жаны мен рухани және ақыл-ойының ысырап болғанын, көп жылдар өмірінің мәнсіз, ойсыз өткенін түсінгенде, қайғы-қасіретті сезінгенде туады. Адасқан ұл сияқты, біздің әрқайсымыз күнәқарлықтан оянып, сүйіспеншілікке толы Көктегі Әкенің үйіне оралуымыз керек. Өкіну туралы мәнмәтінде, әкеміздің үйіне оралу ретінде, біз осы жексенбінің литургиялық ерекшеліктерінің біріне назар аударуымыз қажет. Таңсәріде, қуанышты және салтанатты жырларынан кейін «Вавилон өзендерінде» жырының қайғыға толы 136-шы жыр орындалады. Бұл - Вавилон тұтқынындағы ауыртпалықты, Отанды сағынуды, киелі Иерусалим қаласына деген мұңды баяндайтын жыр. Сіз бен біз үшін, сол Ескі өсиет тұтқыны рухани тұтқындық символы - күнәлардың, бос әурешілік пен үмітсіздіктің құлы болған жанның бейнесі болып табылады. Бұл жырды айту арқылы, Шіркеу әрбір адамды Құдайға жат нәрселерден, адамның ар-ұжданымен және жақындарымен тату-тәтті өмір сүруіне кедергі келтіретін барлық нәрселерден құтылуға шақырады. Осылайша, Ұлы ораза әркім үшін көптен күткен құтқарылу және сүйіспеншілікке толы Әкенің үйіне - Құдай Патшалығына оралу уақыты». Митрополит Александрдың уағызынан.
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр